Реферат тақырыбы: Дерматомикоздар Орындаған: Юсантаева Турсинай Тобы: мі 402



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі82,87 Kb.
#121367
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дерматомикоздар
Электрлік кіші стансалар, Емдік тамақтану жоспар, 5 Ә
3 Башпайаралық эпидермофития саусақ арасындағы тері бүкпесінде, әсіресе үшінші және төртінші башпайлардың арасында жасырын түрінің асқынуынан басталады. Тері қызарып, дымқыл тартып, эрозия пайда болады. Жан-жағында аршылған мүйізденген қабаттың қалдықтары байқалады. Біртіндеп үдемелеп қабынудан башпайдың астына және өкшеге қарай тарайды. Жүргенде қатты ауырады.
4 Дисгидротикалық эпидермофития табанның сыртқы және ішкі жағында, көбінесе күмбезінде түйреуіш басынан бұршақтың көлеміне дейін бір-біріне жақын шоғырланып орналасқан көпіршік-тер шығады. Кейбір көпіршіктер қосылып көпқалталы ірі көпіршікке айналады. Олардың қуысы таза немесе лайланған сұйықпен толы , қаттылау келеді. Көпіршіктің көбі жарылып, эрозияға айналады. Зақымданған ошақтардың шеттерінде жаңа көпіршіктер шығып үлкейеді де , біртіндеп негізгі ошақпен қосылып кетеді. Аурудың беті қайта бастағанда көпіршіктер түзілуі тоқтайды, сыдырылу мен эрозиялар жазылып, үстінде ұсақ пластинкалық қабықша пайда болады. Ауру адам қышынады. Жаңа көпіршіктер қайта шығып, тері қызарып, суланып, эрозиялар көбейіп, жедел процеске айналуы мүмкін. Дисгидротикалық эпидермофития ұзақ уақытқа созылады, әсіресе көктемде және жазда.
Микроскопиялық диагностика. Қабыршақтарда , ақжемделген мүйізді қабатта және көпіршіктердің қақпағында дөңгелек немесе төртбұрышты ұрықтарға бөлінетін, бір-бірінен пунктир сызық тәрізді аздап алшақ, бұтақталған мицелий жіптері табылады. Табанда және башпайлар арасында орналасқан зақымданған ошақтардан қабыршақтарды зерттегенде саңырауқұлақтың мицелиіне ұқсас, бірақ тор және ілмек тәрізді , көптүрлі құрылымдар табуға болады. Бұл "мозаикалық саңырауқұлақ" холестерин ыдырауынан пайда болған зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет