Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек, қан жүйесі қызметі бұзылуы, қант диабеті.
Amphotericinum B - амфотерицин В (Б): 5С 000 ӘБ флаконда шығарылып, 10 мл иньекцияға арналған суда ерітіп, 450 мл 5% глюкоза ерітіндісіне қосып, 4-6 сағат бойы тамшылатып к/т аптасына 2-3 рет еңгізеді; 15,0 және 30,0 (1г - 30000 ӘБ) жағылмасы бар.
Микогептин - қүрылысы, әсер ету спектрі мен фармакологиялық әсері жағынан амфотерицин В-ға ұқсас, бірақ АІЖ-да жақсы сіңіріледі, сондықтан ішке (таб.) және жергілікті (жағылма түрінде) қолданады.
2. Имидазол және триазол (азолдар) туындылары: кетоконазол (низорал), миконазол (дактарин), клотримазол (канестен, кандибене), эконазол (певарил), изоконазол (травоген), бифоназол (миноспор), флуконазол (дифлюкан), итраконазол (орунгал), тенонитрозол (атрикан), тионазол (вагистат), флутримазол (мицетал).
Достарыңызбен бөлісу: |