Әсер ету механизмі: барлық препараттар вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады,
Асусlovir - ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда - 50-100 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын; 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді. Кәдімгі шықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тері бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті - тітіркендіргіш әсер, ал к/т еңгізгенде флебиттер байқалады. Жүктілікте қолдануға болмайды. Валацикловир және фамцикловир - ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |