ҚҰрамы және оның пайдасы



Дата09.12.2019
өлшемі233,56 Kb.
#53233
Байланысты:
Свойства айрана и его польза
1.05орыс тил
«Тобыл орта мектебі» ММ Таран ауданы әкімдігі білім бөлімі

Орындалды: Оразбекова Асемай 9 -сынып




АЙРАННЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАСЫ









Бағыты: Гуманитарлық бағыт

Секциясы: Этномәденитану


Ғылыми жетекші: Нұрсейітова М.Ж
Таран ауылы, 2019 жыл

ЖОСПАР


1..Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 2-бет 

2.Жұмыстың кезеңдері. 3-бет 


3.Айранның құрамы және пайдалану. 4-5 беттер 


4.Айранның құрамы және оның пайдасы. 5- 7 беттер 


5. Сұрақ – жауап нәтижелері. 8- бет..\қосымша парақ\  


6. Ғылыми дәлел: практикалық бөлімі. 9-10 беттер 


8.Зерттеудің нәтижесі. Қолданылған материалдар. 10-11 беттер 


9.Пікір. 12- бет.
10. Қосымша бейнематериалдар.

Мақсатым: 

Айранның құрамы мен оның пайдасын ашу. 
Айранның өмірде көмегі болатын құрамын және қасиетін зерттеу, Сергей Калинин бағдарламасындағы «Айран-крем» бейнежазбасынның маңыздылығын көрсету. 

Айранмен шәйнек ішін тазартып көру.



Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдым: 

Міндетері: 
Ұлттық тағам туралы түсінік алып және оны өмірде пайдалана білуге үйренем. 
Айранның құрамын және қасиетін анықтаймын. 

Шәйнектің ішіндегі қоспақты тазалаймын. Зерттеу парағын толтырып отырамын. 



Жұмыстың кезеңдері: 



І – міндет 20.12.-23.12. 2018 жылы тақырыпқа қатысты материалдарды жинақтап, жүйеледім. Жинақталған материалдар іріктеліп, оқылды, жұмыстың бағыт – бағдары орыс аудиториясында таныстырылуы айқындалып, жоспар құрылды. 

ІІ – міндет 23.12.-28.12.2018 жылы жұмыс жасалып, әжем мен шешемнің кеңес-тәжірибелерін алдым, теледидардан Сергей Калинин бағдарламасын көріп, айран-крем туралы көргеннен соң, майонез орнына салатқа қолдануға болатынын ашып, зерттеу бөлімін тиянақтап, айранның пайдасы мол екеніне қол жеткізген нәтижелер анықталды. 
I.Теориялық бөлімі 

1.Сүт тағамдары .

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді.Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған[1] .Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының құрамы белок, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері к үшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол[2] тағам. 


2. Айран ұйыту. 

Айран - қазақ аспаздығында айран кеңiнен қолданылады. Оған салқындатылған сусын, әрi тағам болып табылатын түрлi сорпалар қосады. Айранды дайындау үшiн сиырдың сүтiн қайнатады да, +35, 40 С-қа дейiн салқындатады. Онан соң айран (1 стақан айранды 5 литр сүтке) құяды. Онан соң ыдысты қақпақпен жауып, сүлгiмен орап, жылы жерге қояды. 4-6 сағаттан кейiн айран дайын. Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайыз сіңеді[3]. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ айран ұйтқысын қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ[4]. 



3.Айранның құрамы 
Өнімдер Сан Энергетикалық құндылығы (ккал) Ағуыздар (г) Майлар (г) Көмірсулар (г) [5] 
Айран 0 % 100 мл 30 3,0 0,1 3,8 
Айран 2 % 100 мл 51 3,4 2,0 4,7 

4.Шаш жууға пайдалану 
Сонымен бірге айранды ертеректе халқымыз шаш жуу үшін де пайдаланған. Айранмен жуған шаш әрлене түседі әрі шашқа қайрат береді. 
Шаштың тез өсуіне көмектеседі. 

4. ә. Бет тазартуға пайдалану 
Айран жаққан кезі таңертең және кешкі уақытта 

4б.Әжемнің тері тазалау әдісі 
Кезінде, тіпті, айранды тері илеуге де пайдаланған. Тері илеу үшін малма жасайтын қасиеті де бар.
Әжемнің терінін илеуі әдісі

5 ) Актуалдық: 
Дәмелі әжемнің жануарлардың терісін ащы айранмен тазалау әдісін бақылап, өзім бір ойға келдім. Айранмен шәйнектің ішіндегі қоспақты тазартып көру керек.Шешеммен бірге шәйнектің тазартылуын тәжірибеден өткіздім.қараша айында бір, қаңтар айында екінші тазарттым.

 6 Проблемалық сұрақ 


Айранмен шаш жуады, бетті ағартады, тері тазалайды. 
ал жемірілген шәйнекті айранмен тазартуға бола ма? 

7Ақпаратты жинақтау 
Ғаламтордан қосымша айран туралы ақпараттар жиналды 

Химия пән мұғалімі Динара апай жемірілу (коррозия)

туралы мәлемет алынды, толық түсіндірді.[8]. 

Интернеттен ақпараттар қарастырылды[9] 

Орыс тілінде көршілес орыс аудиториясы болғандықтан қысқаша мәлімет айтып, сауал жасадық.

Айранның құрамы және оның пайдасы


  • Положительно сказывается на пищеварении, он способен улучшить аппетит. Помимо того, что напиток нормализует кишечную микрофлору, он еще ускоряет процесс переваривания пищи и подавляет активность гнилостных бактерий. Айран хорошо справляется с жаждой, иммунитет, улучшает работу сосудов, сердца и к тому же он снижает уровень холестерина в крови и способствует нормализации веса. Польза айрана для людей, страдающих заболеваниями дыхательных путей тоже бесспорна. Напиток очень полезен в разное время года: летом утоляет жажду, зимой: повышает устойчивость дыхательной системы к инфекционным и простудным заболеваниям. Многие любители айрана отмечают и его благотворное влияние на нервную систему.

  • Можно использовать как маску для очищения лица.

  • Использование при мытье волос от перхоти и придаст блеск и здоровье волосам.

  • Использовать для чистки ржавчины металической посуды.

  • Для заготовки шкур животных\например, козье шкуры,избавляет шкуры от запаха\

  • А целители до сих пор считают, что айран противостоит яду змеи.

Сұрақ қойылды: Айран тағамының пайдасы қандай? ЖАУАПТАР

был задан вопрос: ЧЕМ ПОЛЕЗЕН АЙРАНОВЫЙ ПРОДУКТ? ответы

Учитель русского языка литературы Ергалиева Ш. С: - В нынешнее время его можно найти на полках наших маркетов. Только он далек от настоящего напитка, потому что содержит много консервантов. Лучше всего айран приготовить в домашних условиях, тем более что сделать это очень легко. Главными ингредиентами являются сузбе и катык. Последний – это простокваша из кипяченого молока, которую выпаривают в треть. А первый – это сцеженный катык, что-то между творогом и сметаной.

Директор школы: Кривченкова Е.В: - В самые горячие летние дни айран хорошо восполняет водно-солевой баланс нашего организма за счет своих амино- и жирных кислот, и этим утоляет жажду.

Медсестра школы: - Полезен айрановый продукт также своей аскорбиновой кислотой, которая в период понижения иммунитета противостоит простудным заболеваниям. А так же нормализирует микрофлору кишечника.

Учитель биологий Алиева Г.Р: - Диетологи рекомендуют его пить для снижения массы тела, поскольку калорий у айрана мало – 27 ккал на 100 граммов. Он позволяет восстановить микрофлору кишечника, усилить секреторную деятельность желудка, что помогает очистить застой желчных протоков.

Психолог школы: - Айран приводит центральную нервную систему в тонус.

Учитель химии Куттыкбаева Д: - Он полезен и тогда, когда происходит нехватка кислорода в органах и тканях, когда нужно повысить в легких приток крови, нормализовать тонус мышц.

Мама Асемай: - Такие полезные качества бодрят организм, что приводит к долгой жизни и отменному здоровью.

Мама Нурисламбека: - Но как в каждом продукте, существуют как положительные, так и отрицательные свойства.

Воспитатель школы Лихачева Л.В: - Большой минус напитка заключается только в том, что организм, не привыкший к нему, может поначалу вести себя неадекватно. Поэтому начинать пить айран стоит понемножку и маленькими глотками.



Бабушка Дамели: - Существует одна легенда. Рецепт айрана хранили очень долго, пока одна красавица не влюбила в себя князя. Она согласна была выйти замуж за него, только в обмен на заветную закваску, с помощью которой готовят этот кисломолочный продукт. С тех пор начал употреблять его, чтоб сохранить свою молодость и красоту.


8. Ғылыми дәлел: Мен тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады дегенге көзімді жеткіздім. 

9.Практикалық маңыздылық 
Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтарды қолданғанның орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн. 
Құрамы:минералды және органикалық қышқылдар, арнайы қоспалар бар. 
Терісіне немесе көздің сілекей қабығына тиіп кетуден сақтаңыз!. 
Тиген жағдайда сумен әбден шайыңыз. 
Тамақ өнімдерінен аулақ жерде сақтау қажет!

 II.Практикалық бөлімі 


Зерттеу жұмысы бақылау әдісі арқылы орындалды, және өзгерістері күнделікке толтырылды 

1кезең 
Айран ұйыту 
1.Сүтті пісіріп айран ұйыттым. 
Тартылған сүттен және тартылмаған сүттен айран ұйыттым. 
2.Тартылмаған майлы сүттен жасалған айран 1 күннен кейін ашыды. Бөлме температурасы 19º С градус. 

2 кезең. Айранның ашуы 
3.Тартылған сүттен жасалған айран жарты күн бойы аши бастады. 
Бөлме температурасы 19ºС градус. 23.11.2018ж 

3 кезең. 


№1 шәйнек 
Айранмен шәйнектерді толтыру 
4.Ашыған айранды шәйнектер ішіне құйдық 25.11.2018 ж 

4кезең. 
Шәйнектерді тексеру 


№1 шәйнек 
5.Бір тәуліктен кейін ашыған айран быршыды, түсі өзгерді.Бөлме температурасы 20ºСградус.26.11.2018ж 
№2 шәйнек 
6.Ашыған айранды шәйнектер ішіне құйдым. Қақпақтарын жауып қойдым. 
20ºС градус 25.11.2018ж 
№2 шәйнек 
7.Екі тәуліктен кейін айранды төгіп тастадым. Түсі өзгерді. 
27.11.2018ж 

5 кезең Айранды төгу 


8.Айранды төгіп тастадым, шәйнектің ішін сумен жудым 28.11.2018ж 
№1 шәйнек № 2 шәйнек 

III.Зерттеудің нәтижесі: 


1.Тартылған сүттен жасалған айран 
№1 шәйнек 
Шәйнекті таза сумен шәйіп қырып көрдім. Шәйнектің ішіндегі қоспағы жеңіл алынды 
2.Тартылмаған сүттен жасалған айран 
№2 шәйнек 
Шәйнекті таза сумен шәйіп қырып көрдім. Шәйнектің ішіндегі қоспағы қатты және оңаймен алынбады. 


IV.Қорытынды: Айранның ағзаға пайдасын адам құндап шыққанда, әрі табиғи өзі жасағанда салауатты өмір салтында дендеріміз сау болмақ.

Әрі ең абзалы - таза, табиғи әрі адам денсаулығына кері әсері жоқ сүт тағамдарының бірі тартылған сүттен жасалған айранмен шәйнектің қоспағын тазартуға пайдаланғанымыз жөн. 




V.Қолданылған материалдар 
1.Қазақтың дарқан дастарқаны Алматыкітап 2007ж 
Авторы Сейіт Кенжеахметұлы 92-94бет 

2.Қазақ әдебиеті] Аруна Алматы 2005ж 65-66бет 

3.Сен білесің бе? Энциклапедиясы Аруна ЖШС 
Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т. 252-253бет 

4. Сергей Калинин бағдарламасы «Айран-крем» тақырыбы

5.Әжемнің тәжірибесі мен ертегісі 

6..Химия 10сынып Нурахметов Н., Қ,Бекішев, Н.Заграничная 141-147бет 

7. Интернет ресурсы 

СЫН ПІКІР

 
Оқушыларым: Оразбекова Асемай; Нұрсейітов Нұрисламбек  

Тақырыбы: Айранның құрамы және оның пайдасы

Теориялық бөлімінде оқушы ақпараттар жинады. Мектеп орыс-қазақ тілінде болғандықтан екі тілде қысқаша мәлімет және сұрақ-жауап жүргізілді. Әжелері Дәмелінің түсіндіруімен түрлі тәжірибеден өтті. Мектеп медбикесімен әңгіме жүргізілді.

Адам ағзасына айранның қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Гипертонияға, гастрит аурулардан емделуге болатының анықтады. 


Жұмыс мұқият тілмен рәсімделген, сауатты , жеңіл оқылады және түсінікті. Онда қажетті көрнекті материалдар бар.Оқушы зерттеген жұмысын біледі, ғылыми және практикалық мақсаттарды қойып оны шешті. 
Ғылыми болжаулар жасады. Тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығарды. Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтардың орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн екенін шештік.  Айранның құрамы мен пайдасын зерттеуде күнделікті маркетттерден иогурт, снежок, ряженка, кефир алғанша ауылда сиыр ұстап өз сүт өнімін алу тиімді екенін бағалады.

Әрине ол атаулар түрлі халықтың айраны, дегенмен саудадағыдан үйден табиғи өнім алғанды қалайды. Ғылыми жұмыс барлық талаптарға сәйкес келеді.  Зерттеу жұмысы керек деңгейде орындалды.


Жетекші: Нұрсейітова М.Ж

Наурыз айы аяқталды.










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет