Вирусқа қарсы дәрілер
Вирустар жасуша ішіндегі паразиттер болып табылады. Жасуша иесінде РНҚ және ДНҚ вирустарының өзін-өзі өндіру нәтижесінде вирустар көбейіп, одан жасуша алмасуы бұзылып, синтетикалық ресурстары азаяды. Жасуша иесінің сыртындағы вирустар зат алмасуы жойылған және дәрілік заттар оларға әсер ете алмайды. Жасуша иесіндегі вирусқа микроорганизм жасушасын зақымдамай әсері ету мүмкін емес.
Вирусқа қарсы дәрілердің қолданылуына қарай жіктелуі:
Тумауды алдын алу үшін қолданылатын дәрілер: ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин, арбидол, рибамидил (рибавирин), лейкоцитарлы интерферон. Ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин - тұмау вирусыныңадам ағзасының жасушасына енуінен қорғайды, эпидемия кезеңінен ауру басталғанша және аурудың алғашқы 2 күнінде тиімді (ауру кезеңдерін жеңілдвтеді). Ремантадин мен дейтифорин тұмау вирусының А туріне (әсіресе А2), адапромин - тұмау вирусының А және В түріне, оксолин - вирус А мен аденовирусқа әсер етеді. Ремантадин, дейтифорин, адапромин 0,05 таблетка түрінде шығарылады.
Жанама әсері: жагынан ремантадинде асқазан тұсының ауырсынуы, дейтифоринде диспепсия және терінің аллергиялық реащиялары, адапроминде АҚ-ң төмендеуі және ұйқы келуі байқалуы мүмкін. Препараттарды бауыр және бүйрек ауруларында, жүктілікте (тератогенді және эмбриотоксикалық әсер) және тиреотоксикозда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |