Сhloxylum - хлоксил (Б): 2,0 ұнтақ; 1/2 стакан сүтпен әр 10 минут сайын (3-5 рет) таңғы астан 1 сағ. соң (2 күн), басқа да емдеу сызбалары бар. 4-6 айдан соң емдеу курсын қайталау қажет. Бауырдың гельминтоздарында: описторхозда, фасциолезда, клонорхозда қолданылады.
Жанама әсері: бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр тұсының ауыруы, протеинурия, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек тұсының ауруы, эозинофилия, аллергиялық реакциялар байқалады.
Жүрек, бауыр ауруларында, жүктілікте қолдануға болмайды.
Празиквантель - улылығы төмен, трематодозда және цестодозда тиімді. Филяриатозда дитразин (0,05 жэне 0,1 таб. тәулігіне 3 рет 10 күн бойына) қолданылады.
Жанама әсері: тері бөртпелері, қышыма, бас ауыру, жөтел, жүрек айну, бауыр мен көк бауырдың көлемі ұлғаюы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |