Әсер ету механизмі: құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесін уақытша әлсіреуіне алып келеді.
Рһеnasalum - фенасал (Б): 0,25 таб,- таңертең аш қарынға бірден 8-12 таб. қабылдайды. Науқасқа көмірсу диетасын белгілеп, кешке тек шай мен жеміс шырындарын қабылдап, ал түнде клизма койылады.
Жанама әсері: жүрек айну, аллергиялық реакциялар, нейродерматиттің асқынуы байқалуы мүмкін.
Фенасал тениаринхозда, дифиллоботриозда, гименолепидозда қолданылады. Тениозда аз қолданылады, себебі цистицеркоз пайда болу қауіпі бар. Тениозды фенасал препаратымен емдеуде міндетті түрде қоса іш жүргізетін дәрілер белгіленеді.
Аминоакрихин - улы, гименолепидозда қолданылады. Цестодоздарға қарсы дәрілермен емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |