Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Дәріс № Тақырыбы: Жүрек- қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер



бет142/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Дәріс №
Тақырыбы: Жүрек- қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
Кардиотоникалық дәрілер
Антиаритмиялық дәрілер
Жоспар:
1. Жүрек гликозидтерінің алынуы
2. Жүрек гликозидтеріне фармакологиялық сипаттама
3. Антиаритмиялық дәрілерге фармакологиялық сипаттама
Қан айналымды реттейтін дәрілер медициналық тәжірибеде жүрек жұмысы мен қан тамыры тонусының бұзылуында кеңінен қолданылады. Сондықтан жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданылуына қарай келесі топтарға жіктеледі:
1. Жүрек гликозидтері;
2. Антиаритмиялық дәрілер;
3. Антиангинальды дәрілер;
4. Гипотензивті дәрілер.
Жүрек гликозидтері
Жүрек гликозидтері айқын кардиотоникалық әсері бар, этиологиясы әртүрлі миокард дистрофиясымен байланысты, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге арналған өсімдіктерден алынған күрделі органикалық қосылыстар. Бұрынғы кезде құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерді медицинада жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуде қолданған. Олар: оймақгүл (наперстянка), строфант Комбе, меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет) және тағыда басқалары. Жүрек гликозидтерінің молекуласы екі бөлімнен түрады: қантты (гликонды) және қантсыз (агликонды). Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер ете отырып, миокард жұмысын жақсартып, жіті және созылмалы жүрек қіызметінің жеткіліксіздігінде белгіленеді. Медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатын өсімдіктен алынған жүрек гликозидтері:
- Күлгін оймақгүл (Digitalis purpurea) - дигитоксин;
- Түкті оймақгүл (Digitalis Lanata) - дигоксин, целанид;
- Строфантин Комбе (Strophantus Kombe) - строфантин К;
- Меруертгүл (Convallaria) - коргликон;
- Жалынгүл (Adonis vernalis) - жалынгүл шөбінің түнбасы.
Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі кардиомиоцит мембранасындағы Na+, К+-АТФ-азаны (жүрек гликозидтерінің рецепторлары) тежегіш әсерімен байланысты, ол жасуша ішінде Na+, онымен қоса Са2+ иондарының концентрациясы жоғарылауына алып келеді. Саркоплазмада Са2+ бос иондарының мөлшері жоғарылауынан кардиотоникалық әсері байқалады. Са2+ иондары трапонинді кешенмен байланысып, миокардтың жиырылғыш ақуыздың тежегіш әсерін жояды. Ол актин мен миозиннің бірігуінен пайда болган актиомиозин миофибриллдердің (булшықет талшықша) тез және күшті жиырылуына алып келеді. Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет