І тобы. Мембрананыреттеуші дәрілер - жасуша ішіне Na+, К+, Са2+, СІ иондарының тасымалдануын тежеп, қозғыштықты, өткізгіштікті және автоматизмді төмендетіп, жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартады.
I А топшасы (хинидин тобы): хинидин сульфаты, новокаинамид (прокаинамид), дизопирамид (корапейс, норпейс, ритмилен, ритмодан), этмозин (морацизин) - жүрекше мен қарыншаның өткізгіштіктігін төмендетеді. Әртүрлі қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады. Хинидин, дизопирамид және этмозиннің М-холинолитикалық әсері бар, сондықтан тахикардия тудырып, атриовентрикулярлы өткізгіштікке алып келеді. Жанама әсері: миокард жиырылуының тежелуі, жүректің қан айдау қызметі мен АҚ-ң төмендеуі байқалады. Жүрек өткізгіштігінің бұзылуында (ІІ-ІІІ дәрежелі бөгетте), айқын жүрек жеткіліксіздігінде және гипотонияда қолдануға болмайды.