Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын басатын дәрілер



бет158/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

1. Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын басатын дәрілер. Бұл препараттар коронарлы қан тамырларды кеңейтеді.
Nitroglycerinum-нитроглицерин (Б): 0,0005 таб. және капс, түрінде шығарылып, ұстама кезінде тіл астына немесе 1% спиртті еріт.-1-2 тамшы қантпен тіл астына белгіленеді. Әсер 1-2 минутта басталып, 20-30 минутқа созылады. Нитроглицерин шеткерлік қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады, N02-->N0 газына айналып, қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттеріне өтіп оларды босаңсытады. Осының нәтижесінен үлкен және кіші қан айналым жүйесінде веноздық және артериялық қан тамырларды кеңейтіп, жүрекке түсетін салмақты азайтып, миокардтың энергия мен оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Нитроглицерин бітелген аймақтағы қан тамырды кеңейтіп миокардтың ишемияланған аймағын қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Сондай-ақ жүрек пен қан тамырлардың симпатикалық иннервациясына орталық тежегіш әсер көрсетеді. Нитроглицерин миотропты спазмолитикалық әсерінен бронхтың, ішектің, өттің және несеп шығару жолдарының бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады.
Жанама әсері: АҚ-ң темендеуі (мөлшерін асырғанда коллапс!), рефлекторлы тахикардия, бас ауыру және бас айналу (әсіресе бірінші қабылдаудан кейін), құлақ шуылы, ыстық сезіну, беттің қызаруы, бас сүйек ішілік және кезішілік қысымының көтерілуі, ал нитроглицеринді жүйелі қолданғанда үйренгіштік пайда болуы мүмкін. Миға қан құйылғанда, айқын гипотонияда, бас сүйек ішілік қысым және көзішілік қысымы жоғарылауында қолдануға болмайды.
Стенокардия ұстамасын басу үшін изосорбид динитратының нитросорбиді (Nitrosorbidum (Б): 0,005 және 0,01 таб. шығарылып тіл астына, немесе мөлшерленген аэрозоль «Изомак-спрей»: 1-3 мөлшерден ауыз қуысына шашыратуға белгіленеді). Нитросорбид нитроглицеринге қарағанда әсері (3-5 мин. соң) баяу басталады. Нитраттарды қабылдай алмауда молсидомин (корватон, сиднофарм) - 0,002 және 0,004 таблеткада тіл астына немесе нонахлазин - 1,5 % 5-10 мл еріт. ішке белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет