Әртүрлі пепараттары. Аденозин-суправентрикулярлы ұстамалы тахикардияда қолданылады. Жүрек гликозидтері (дигоксин) - тек жүрекше лүпілдеуі мен жыпылықтауында қолданылады. Магний сульфаты - қарынша тахикардиясы мен жыпылықтауында қосымша дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Калий хлориді, панангин – гипокалиемиялық ырғақсыздықта және жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады. 2. Брадиаритмияны қалпына келтіретін дәрілер - әртурлі брадиаритмияны (синусты брадикардия, синоатриальды, атриовентрику- лярлы бөгет және т.б.) басу үшін қолданылатын дәрілер екі топқа бөлінеді. Олар:
1. М-холинолитиктер: атропин - кезеген жүйкенің әсерін төмендетеді.
2. Адреномиметиктер: изадрин, адреналин- жүректің β1адренорецепторларын қоздырып, кардиомиоциттердегі Са2+ иондарының және ц-АМФ құрамын жоғарылатып, автоматизмді күшейтіп және өткізгіштікті жақсарта отырып, жүрек ырғағын қалпына келтіреді.