Валидол (тіл астына) мен корвалол (30-40 тамшыдан ішке) сенімді әсер етпейді. Валидол ауыз қуысының суық рецепторларын тітіркендіріп, коронарлы қан тамырлардың қанмен қамтамасыз етілуін рефлекторлы түрде жақсартады. Екі препараттың да антиангинальды әсері әлсіз.
Validolum - валидол: 5 мл флаконда - 5 тамшыдан (кантпен) тіл астында ұстау қажет; 0,06 таб. және 0,05 капс, шығарылып, тіл астына тағайындалады.
2. Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын алдын алу үшін қолданылатын дәрілер:
а) Нитрат препараттары (вазодилятаторлар (тамыр кеңейткіштер)). Әсері ұзартылған нитроглицерин препараттары: сустак (әсерінің ұзақтығы 4-6 сағ.), нитронг (әсері 7-8 сағ.) - нитроглицериннің майда капсуладагы дәрілік түрін шайнамай тамақтан алдын ішке қабылдау қажет; тринитролонг - құрамында 0,001-0,002 нитроглицерині бар жоғарғы ит тіс (клык) үсті қызыл иек шырышына қойылатын полимерлі пластинка; нитромазь («Нитро», «Миовин - құрамында 2% нитроглицерині бар, түксіз тері аймағына жағылады, әсері 3-8 сағ. созылады); нитродерм ТТС (трансдермальды терапиялық жүйе) - құрамында 50 мг нитроглицерині бар әсері 24 сағ. созылатын пластырь. Нитроглицериннің барлық препараттары жеке мөлшерленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |