Phenihydinum - фенигидин (Б): 0,01 таб. (драже) - 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді.
Фенигидин тобының екінші буындағы препараттары: амлодипин (нормодипин, стамло, норваск), исрадипин (ломир), нитрендипин (байпресс), никардипин (локсен), риодипин (форидон) - әсері ұзақ және жанама әсері аз. Кальций антагонистінің жаңа топ препараты мебефрадил (позикор) қан тамырлардың Т-түтігі мен нейрогормональды жасушаларды тежеу нәтижесінде коронарлық және шеткерлік қан тамырларды кеңейтеді, сонымен қатар ренин мен альдостеронның секрециясын азайтып, адренергиялық белсенділікті төмендетеді. Осыдан мебефрадил кардиомициттердегі L-түтігіне әсер етпейді және миокард жиырылғыштығын өзгертпейді. Жүректің ишемиялық ауруы мен гипертониялық ауруларда тәулігіне 1 рет белгіленеді,
г) Басқа да антиангинальды дәрілер (қосымша):
Әсері миотропты коронарлы артерияларды кеңейтетін дәрілер: дипиридамол (курантил, персантин) коронарлық артериялардың қан айналысының көлемінің жылдамдығын жоғарылатып, миокардтың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартып, қосалқы (коллатеральды) қан айналымды күшейтеді, тромбоциттердің агрегациясын тежеп және миокардта микроциркуляцияны жақсартады. Карбокромен (интенкордин, интенсаин), лидофлазин (клиниум) коронарлық артерияларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтеді, қосалқы қан айналымды жақсартады, бірақ әсері төмен болғандықтан негізгі препараттармен бірге қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |