Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді. Олар көбінесе артериялық гипертензияда қолданылады. Артериялық қысымның деңгейі көптеген факторларға: жүрек жұмысына, шеткерлік қан тамырлардың тонусы мен оның тұтқырлығына, қан айналымының көлеміне, электролиттің құрамы және тұтқырлығына байланысты. Мүның барлығы нейрогуморальды бақылаумен реттелініп отырады. Әсер ету механизіме қарай гипотензивті дәрілерді келесі топтарға жіктейміз:
I. Жүрек-қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның күшін төмендететін дәрілер (антиадренергиялық, нейротропты дәрілер):
а) транквилизаторлар және тыныштандыратын дәрілер;
б) орталыққа әсерлі нейротропты дәрілер: клофелин (катапресан, гемитон, клонидин), метилдофа (допегит, альдомет), гуанфацин (эстулик) - тамыр қозғалтқыш орталығының а2-адренорецепторын қоздырып, ОЖЖ-нен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді. Одан вазомоторлы орталығының тежелуінен, артериялық қысымының төмендеуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |