Methyldopha - метилдофа (Б): 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет мөлшерін біртіндеп жоғарылатады, тәулігіне 1,0 белгіленеді, тыныштандыратын әсері бар. Ішке енгізгенде әсері 4-5 сағ. сон басталып, 1 тәулікке дейін созылады. Ауыр жағдайларда к/т енгізіледі.
Жанама әсері: ұйқының келуі, депрессия, ортостатикалық гипотензия, лейкопения және бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жіті бауыр ауруларында, феохромоцитомада және жүктілікте қолдануға болмайды.
в) әсері шеткерлік нейротропты дәрілер: 1) ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин) 2) симпатолитиктер (резерпин, раунатин); 3) a-адреноблокаторлар (празозин, доксазозин, теразозин); 4) β- адреноблокаторлар (атенолол, ацебутолол, метопролол) .
II
Достарыңызбен бөлісу: |