Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Magnesii sulfas - магний сульфаты



бет170/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Magnesii sulfas - магний сульфаты: 20-25% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, абайлап б/е және к/т енгізеді; себебі тез енгізгенде наркотикалық әсері және тыныс алудың тежелуі байқалуы мүмкін. Негізінен гипертензивті кризде және жүктіліктің нефропатиясында қолданылады.
Dibazolum - дибазол (Б): 0,02 таб.; 0,5-1% 1,2 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі. Әсері орташа. Гипертензивті кризде қолданылады. «Папазол», «Андипал» препараттарының құрамына кіреді.
III. Ангиотензинге айналдырғыш ферментінің (ААФ) ингибиторлары (тежегіштері).
1. Буыны: каптоприл (капотен);
2. Буыны: эналаприл (ренитек, энам), лизиноприл (привинил, диротон), рамиприл (тритаце), цилазаприл (инхибейс), периндоприл (престариум), фозиноприл (моноприл), трандолаприл (гоптен).
Бұл қосылыстар белсенді емес ангиотензин І-ді (ренин ферментінің әсерінен ангиотензиногеннен түзілген) вазобелсенді ангиотензин ІІ-ге (қан тамырлардың тарылтып, сығылуына алып келеді) айналдыратын ферменттің белсенділігін тежейтін препараттар. ААФ-ң ингибиторлары артерия мен күре тамырларды кеңейтіп, жүрекке кейінгі күшті және жүрекке веноздық қанның қайтуын азайтып, жүрек жұмысын жеңілдетеді, жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып, жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді, диурезді жоғарылатып, артериялық қысымды төмендетеді. Гипертониялық аурудың өте ауыр түрінде, гипертониялық кризде, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады. Барлық препараттар каптоприлден, лизиноприлден басқасы дәрінің тегі (продәрі) болып табылады. Каптоприлде әсері 1 сағ. басталып, 6 сағ. созылады, ал қалған препараттарда 2 сағ. басталып, 24 сағ. созылады.
Жанама әсері: әлсіздік, бас айналу, құрғақ жөтел және көкірек пен іш қуысы тұсының ауыруы байқалады. Көбінесе аллергиялық реакциялар капотенде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет