Captopril - каптоприл (Б): 0,025 таб. түрінде шығарылып, 1/2 -1 таблеткадан тәулігіне 2-3-4 рет тамақ алдында, гипертониялық кризде 1 таблетка тіл астына беріледі.
Enalaprili maleas - эналаприл малеаты (Б): 0,0025; 0,005; 0,01 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді.
ІҮ. Ангиотензин рецепторларының блокаторлары: лозартан (козаар), ирбесартан (апровель), эпросартан (теветен), валсартан (диован) - ангитензин ІІ-литик болып табылады. Ішке тәулігіне 1 рет белгіленеді. ААФ ингибиторларына қарағанда жанама әсері өте сирек байқалады.
Ү. Тұз-су алмасуына әсер ететін дәрілер (несеп айдаушы, диуретиктер, салуретиктер). Айналымдағы қанның көлемін азайтып, АҚ-ы түсіреді. Несеп айдаушы дәрілер басқа гипотензивті дәрілердің әсерін күшейтеді, сондықтан көбінесе бірге белгілейді.
Гипертониялық ауруларды қиыстырып емдеу үшін әсер ету механизмі әртүрлі фармакологиялық топтардың препараттары белгіленеді.
Қиыстырылған препараттары: «Адельфан-эзидрекс», «Алсидрекс-Г'», «Трирезид», «Тринитон»таб. (резерпин, дихлотиазид, дигидралазин); «Адельфан-азидрекс К», «Трирезид К» (сондай-ақ КСІ); «Кристепин», «Норматенс»драже (резерпин, клопамид = бринальдикс, дигидроәрго- кристин);«Энап X» (эналаприл, дихлотиазид); «Капозаид» (каптоприл, дихлотиазид), «Вискалдикс» (пиндолол + клопамид) және т.б.