Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА, коронарлық (тәжді) жеткіліксіздік) - атеросклероз немесе коронарлы артериялар тарылуы салдарынан, жүректің оттегіне қажеттілігі мен оның оттегімен қамтамасыз етілуі сәйкес келмеуі немесе миокардқа қанмен оттегі келуінің бұзылуынан пайда болады. Қолданылатын антиангинальды дәрілер жүректі оттегімен қамтамасыз етуін күшейтеді (коронарлы (тәжді) артерияларды кеңейту арқылы) немесе оттегіге қажеттілікті (жүрек жұмысын жеңілдету арқылы) төмендетеді.
Жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілері: стенокардия (көкіректұсы бірден қатты ауырып, сол қол мен сол жақ жауырынға берілуі) мен миокард инфаркты (миокардтың өлі еттенуі) түрінде өтеді. Стенокардия ұстамасында, миокард инфарктын алдын алу үшін, міндетті түрде әсері тез антиангинальды дәрілерді қабылдау қажет.