Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
ІІІ тобы. Amiodaronum - амиодарон (кордарон) (Б): 0,2 таб.; 5% 3 мл еріт. амп. шығарылып, тамшылатып к/т енгізіледі; орнид (бретилий) - симпатолитик болып табылады. Бұл препараттар кардиомиоциттердің мембранасының К+ иондары үшін өткізгіштігін тежеп, реполяризациялық процестің және рефрактерлі кезеңнің тиімділігін үзарта отырып, жүрекше-қарынша өткізгіштігін баяулауына алып келетін АҚ мен жиырылғыштықты біршама төмендетеді. Басқа дәрілер әсер етпеген жағдайлардағы қарынша үсті және қарынша аритмиясында, көбінесе ЖИА- мен (жүректің ишемиялық ауруы) ауыратын науқастардың өміріне қауіпті аритмияларда, миокардитте, жүрекше фибриляциясында қолданылады. IV тобы. Кальций арналарының блокаторлары: верапамил (изоптин, финоптин), дилтиазем - «баяу» Са2+ арнапары арқылы Са2+ иондарының тасымалдануын тежеп, эктопиялық ошақтарда жасушалардың кенеттен деполяризациялануын баяулатады. Са2+ иондары жүрек-қан тамыр жүйесін реттеуде маңызы өте зор. Жүрек қызметі мен қан тамырлардың тонусы Са2+ иондарының алмасуына (көбінесе жасуша ішілік және сыртқа таралуы) тікелей байланысты. Сондықтан Са2+ иондарының кинетикасын басқарудың үлкен маңызы бар. Оның бірден бір жолы кальций арналарын тежеу. Соңғы жылдары кальций арналарын тежеу медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады.