Disopyramidum - дизопирамид (Б): 0,1 капс. - 1-2 капс, тәулігіне 3-4 рет; 1% 5 мл еріт. амп. шығарылып, 1-3 мл к/т енгізіледі.
Aethmosinum - этмозин (Б): 0,1 таб. - 1 таб. тәулігіне 3-4 рет; 2,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
I В топшасы (лидокаин тобы): лидокаин (ксикаин), мексилетин (мекситил), дифенин (фенитоин, дифенилгидантоин).
I А топша препараттарынан айырмашылығы мембранада калий иондарының өткізгіштігін жоғарылатып, жасушадан шығуын жеңілдетеді. Лидокаин автоматизмді тежеу нәтижесінде эктопиялық қозу ошақтарын төмендетеді. Хинидинге қарағанда әсер потенциал ұзақтығы мен қозусыздық (рефрактерлі) кезеңінің тиімділігін төмендетеді. Гемодинамикаға әлсіз әсер етеді. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруының, миокард инфарктының асқынуынан пайда болған қарынша тахикардиясында қолданылады.
Лидокаин - 1-2% еріт. шығарылады, баяу ағынмен немесе тамшылатып к/т енгізіледі, енгізгеннен кейін әсері 10-20 мин. созылады. АҚ төмендеуі, бас айналу, тырысулар, атриовентрикулярлы бөгет және тахиаритмия тудыруы мүмкін.
Мексилетин - АІЖ-да жақсы сіңіріліп, көбінесе қарынша экстрасисто- лиясында ішке және парентеральды тағайындалатын лидокаин туындысы.
Дифенин - жүрек гликозидтерінің мөлшерден тыс енгізуінен пайда болған тахиаритмияда қрлданылатын, эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмек. Сонымен қатар автоматизмді тежеп, потенциал әсерін қысқартады және өткізгіштікке әсер етпейді. АІЖ-да баяу сіңіріліп, ішке және к/т енгізіледі.
С топшасы: аймалин (гилуритмал), этацизин, тирацизин (боннекор), пропафенон (ритмонорм) -1 А топшасына ұқсас. Жүрекше және қарынша өткізгіштігін нашарлатады. Гемодинамикаға (миокард жиырылғыштығына, жүректің қанды айдауы, АҚ) әлсіз әсер етеді. Қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады.