Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Дәріс № Тақырыбы: Аc қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер Жоспар: 1.Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің жіктелуі
2.Тәбетке эсер ететін дәрілер сер ететін дәрілер. Құстыратын және құсыққы қарсы дәрілер.Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында колданылатын дәрілерге сипаттама
3.Ұйқы безінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер.Өт айдайтын дәрілер. Іш жүргізетін дәрілерге сипаттама
Ac қорыту жүйесінде астың соңғы өнімдерге ыдырауы, қанға сіңірілуі, микроорганизмдерді зиянсыз ету, метаболизмі мен дәрілердің сіңірілу процесі жүреді. Ac қорыту жолының секреторлы және қимыл белсенділігінің бұзылуы көптеген ауруларда және патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан-ішек жолдарының қызметін қалпына келтіру үшін дәрілердің кең ауқымы қажет. Асқазан-ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, балалар арасында өте көп тараған. Ол асқазан ішек жолдарының иннервациясы, бездерінің секрециясы мен толқи жиырылу қызметінің бұзылуы нәтижесінде байқалады. Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуында қолданылатын ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің бірнеше тобы бар.