Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Аmpicillinum - ампициллин тригидраты (Пентрексил) (Б): 0,25 таб. (капс.) шығарылып, 2 таб. (капс.) тәулігіне 4-6 рет тамақтан алдын белгіленеді. Аmpicillinum -natrium -ампициллин натрий тұзы (Б): 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 4 - 6 рет б/е; флакон құрамын 2-3 мл еріткіште (инъекцияға арналған су) ерітеді; 5-10 мл к/т баяу ағынмен, 250 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен - тамшылатып енгізіледі. Ампициллиннің микробтарға қарсы әсерінің спектрі кең. Бензилпенициллин белсенділік көрсететін қоздырғыштарға қоса, ампициллин грамм (-) микроорганизмдерге: сальмонелла (іш сүзегі, паратиф, сальмонелез қоздырғыштары); шигелла (дизентерия қоздырғыштары); ішек таяқшалары (эшерихиоз қоздырғыштары), протей, Фридлендер таяқшалары (пневмония клебсиелласы); инфлюэнция таяқшаларына әсер етеді. Ампициллин қышқылға тұрақты, бірақ пенициллиназа әсерінен жойылады. Аралас инфекцияларда тиімді, бірақ ұзақ емдеу кезінде суперинфекция тұғызуы мүмкін. Кандидамикозды алдын алу үшін нистатинді немесе леворинді бірге қолдану тиімді.