Құрамындағы катиондар мен аниондарды анықтау жолын игеру



Дата18.12.2023
өлшемі24,9 Kb.
#197498
түріҚұрамы
Байланысты:
Құрғақ тұздар анализі2
7f19fef71ca357a366c35faf08978765, АӨТ шпор.docx, Түсінік хат 10-сынып, CӨЖ-5, Дисперсия «1666-WPS Office, Білім беру жүйесі

Студенттің өзіндік жұмысы
Орындаған: 1504-12 тобының студенті: Кудратиллаева Айнара
Тақырыбы: Құрғақ тұздар анализі

Жоспары:
І.Әдебиеттік шолу


ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қоспа құрамына алдын-ала анықтаулар жүргiзу
2.2. Ерiткiштерде ерiту
2.3. l-VI топ катиондарына анализ жүргiзу
2.4. Аниондарға жекелiк анализ жүргiзу.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Әдебиеттік шолу


Мақсат: Бөлшектеп және жүйелеп анализдеу әдісімен белгісіз қоспа
құрамындағы катиондар мен аниондарды анықтау жолын игеру.

Катиондар мен аниондардың қасиеттерімен, қоспаларын анықтау әдістерімен тәжірибе жүзінде танысқаннан кейін белгісіз қоспа құрамын анализдеу жолын меңгеру керек. Анализге қатты зат немесе судағы ертінді берілуі мүмкін. Қатты заттар металл, металдардың құймасы немесе тау жынысы минерал, құрғақ тұз немесе құрғақ тұздардың қоспасы болуы мүмкін. Кез-келген заттың анализі оны ерітуден басталады.


Алдымен анализге берілген құрғақ тұздың немесе ертіндінің түсіне көңіл аудару керек. Көптеген катиондардың өздеріне тән түсі болатынын белгілі. Түсіне байланысты анализдеуге берілген құрғақ тұздар қоспасында немесе ертіндіде қандай катиондар бар екендігі жөнінде алдын ала болжамдар жасау болады. Мысалы, мыс тұздары көгілдір, темір (ІІІ) тұздары сары, кобальт тұздары қызғылт түсті және т.с.с.
Құрғақ тұзды түссіз жалынның боялуы арқылы да тексеріп алдын ала болжамдар жасауға болады.

Негізгі бөлім


2.1. Қоспа құрамында алдын ала анықтаулар жүргізу
Алдын-ала байқаулар қоспаның төмендегі ерекшеліктеріне байланысты

  1. түсi

  2. әр түрлi ерiткiштерде ерiту

  3. жалын түсiн өзгерту

  4. пробиркада ысытып, қыздырып көру

  5. исi

  6. кристал формасы

  7. бiртектiлiгi

Құрғақ заттың алдымен кiшкене бөлiгiн көзбен көредi және микроскоп арқылы байқайды.
б) Бiртектi түссiз немесе ақ түсті кристалдар:-түсті катиондармен аниондардың жоқ екенiн бiлдiредi.
Көк түс - мыс тұздары
қызғылт- кобальт, марганец(ll)
жасыл-Fe(II), Ni(II), Cu(II)
Сары-Fe(III), хроматтар
Қызғылт-сары(оранж)-дихроматтар болуы мүмкін
Татпа -бiр қарағанда бiрнеше типтi кристалдардың қоспасы болуы мүмкiн, микроскоп арқылы көрiп, қанша тұз қоспасы екенiн алдын-ала болжауға болады, түсiне және кристал формасына көңiл аударады.

Жалында ұстау, платина немесе нихром сымына салып жалынға әкеледi.


Сол кезде көмiрленсе - органикалық зат;
бiрден ұшып кетсе - аммоний түздары
жалын түсiн өзгертсе - катиондар болғаны, егерр қоспада Na-болса, жалынды сары түске бояп, барлық басқа түстердi бүркейдi.
Ол үшін-жалынды көк түсті шыны арқылы көредi.
Пластинка үстiне салып қыздырады:
өзгермейдi-Hg, NH4+ түздары, карбонаттар кристаллогидраттар жоқ.
балқиды-нитраты, нитритi, карбонаттар, кристаллогидраттар,(квасцы),сульфаты-Na,К,Mg,
Na,K-тиосульфаттар, болуы мүмкін.
көмiрленедi- органикалық қоспа, оксалаттар, тартраттар, цитрат
түсiнiң өзгеруi:
а) түссiзденедi-CuS-CuSO4 тотығады, жоғары тотықтар
PbO2-PbO,ыдырайды,
қараяды- тотықтар түзiлуi:-СuO, Fe2O3, CoO, MnO2
жасылданады-Сr(lll),хроматтар болуы мүмкін
газ бөлiнуi-түссiз болады: NH4+,CO32-,S2-,CIO4-
сары:-NO2-,NO3-,BrO3-
күлгiн – IO3-, I-
Пробиркаға салып, қыздырғанда – сұйықтық буы байқалса, пробирканың жоғары бөлiгiне конденсацияланса, индикаторлық қағазбен рН-ын байқайды.
қышқылдық – күшті қышқылдар мен олардың әлсiз негiздермен түзы болуы мүмкiн.
негiздiк – сiлтiлер және олардың әлсiз қышқылдармен түзы болуы болуы мүмкін.
Б) қышқылдар әсерi
Егер қоспаға қышқыл қосқанда газ бөлiнсе, газ сипаттама қарап, қандай анион бар екенiн ашуға болады.
СО2 – iзбес суының лайлануы – СО32-, НСО3-
SO2 – жанған күкiрт исi SO3-, S2O32-
NO2 – қоңыр қызыл бу. – NO2-
H2S – шiрiген жүмыртқа исi – S2-, SO3, S2O32-
СН3СООН – сiрке қышқылының исi – СН3СОО-
Br2 – қызыл қоңыр бу Br- тотықтырғыш та болуы мүмкін.
HCI – тотықтырғыш газ- AgNO3 – лайлайды - СI-
I2 – күлгiн бу - I-(тотықтырғыш қатысында)
О2 – шала жанған шырпы, лап етiп жанады – MnO­4-, CIO4-, Cr2O72-, H2O
в) суда ерiту

  1. суда ерiсе, - рН-тексерiлуi :

қышқыл орта
– бос қышқылдар болуы мүмкін

  • күшті қышқыл және әлсiз негiз түзы

  • қышқыл түздар болуы мүмкін

сiлтiлiк орта

  • сiлтiлер немесе күшті негiз және әлсiз қышқыл түздары,

  • негiздiк түздар

  1. егер суда толық ерiмесе, суды ысытады, онда да ерiмесе 2н HCI-да ерiтедi, ерiмесе 2н HNO3 – те, концентрлі HNO3 пен концентрацентрленген HCI-да – «патша сұйығында», NH4ОН-та ерiтедi.

Егер концентрленген қышқылдарда және “патша сұйығындаң ерiмесе: - BaSO4, SrSO4, PbSO4, AgCI, AgI, AI2O3, Cr2O3, SiO2 – болуы мүмкін.
Онда қоспаны – сiлтiлермен, карбонаттармен, NaHSO4 – пен балқытады.
Егер HCI-да ерiмесе – AgCI, Hg2CI2, PbCI2, PbS, Ag2S, CoS, NiS, BaSO4, SrSO4, PbSO4, SnO2, Sb2O5 болғаны.
Егер HCI-да ерiсе – Ag+, Hg2+, Pb2+ болмағаны;
H2SO4-те ерiсе – Ca2+, Pb2+, Sr2+, Ba2+ болмағаны;
Суда ерiсе – карбонаттар, фосфаттар, сульфаттар, силикаттар.
Бiрақ, татпаның бiр бөлiгiн суда, бiр бөлiгi – қышқылда, бiр бөлiгi – концентрленген қышқылдарда еруi мүмкін. Ондай жағдайда жекелеп ерiтiп, бiрнеше ерiтiндi – фракция алады, әрқайсысынан катиондар мен аниондарды бөлек-бөлек зерттейдi.

2. Жекелiк және жүйелiк анализ жүргiзу


Ерiткiш таңдап, алған соң қоспаны ерiтiп, катиондарға және аниондарға анализ жүргiзу үшін ерiтiндi дайындайды.
а) топтық реагенттер көмегiмен топтарды ашады, әрi бөлiп алып, топ iшiнде жүйелiк анализ жүргiзедi.
б) ашылған катиондарға сәйкес аниондарға жекелiк анализ жүргiзедi.

Әдебиеттер мен WEB сайттар тізімі
Негізгі :

  1. Мәдібекова Ғ.М. Аниондар анализі. Әдістемелік нұсқау. Шымкент. ОҚМПУ баспаханасы. 2022ж.

  2. В.Н.Алексеев. Курс качественного химического полумикроанализа. Москва, 1973, “Химия”, 585 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет