Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Тақырыбы: Балалық шаққа әлеуметтік – педагогикалық көмек көрсетудің



бет80/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тақырыбы: Балалық шаққа әлеуметтік – педагогикалық көмек көрсетудің
ғылыми - практикалық негіздемесі
Жоспары:
1.Балалар мен жастарды бүгінгі жағдайда әлеуметтік – педагогикалық қолдау
2. Балаларға әлеуметтік қорғау жүйесінде қамқорлық көрсету

1.Балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау мәселесінің өзектілігі бірнеше факторлармен анықталады. Ең алдымен, жасөспірімдер психологиялық және әлеуметтік дамудың жастық ерекшеліктеріне орай, әрқашан әлеуметтік ортаның қолдауын талап етеді. Бұған дейін қажеттілік қоғам дамуының кезеңдерінде едәуір өседі.


Қазақстан қоғамында болып жатқан өзгерістер әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық мәселелерді, әсіресе «қиын жасөспірімдер» жағдайын шиеленістіреді. Қиын тәрбиеленетін жасөспірімдер жағдайы нашар отбасы балаларын, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін, сондай – ақ әртүрлі ауытқулары бар балаларды жатқызады.
Кәмелетке толмағандардың бүгінгі күнге бейімделу процесі үлкендерге қарағанда үлкен қиындықтармен өтеді. Жасөспірімдердің әлеуметтенуі құныдылықтар, талғамдардың жүйесінің ауысу жағдайында өтеді. Бұл жағдайға жастар ғана емес, негізгі әлеуметтену институттары, халық та дайын емес, бұл қоғам алдында жасөспірімдерді жаңа әлеуметтік – экономикалық және құқықтық қатынастарға ендіру сияқты жаңа және ерекше мақсаттар қояды.
Бүгінгі қоғамда жастардың бұл категориясының сандық өсуін сипаттайтын негізгі факторлар ретінде отбасы жағдайын (кедейлік, отбасындағы дұрыс емес қарым – қатынастар) және тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің жұмысындағы кемшіліктерді айтамыз.
Маскүнемдік, токсикомания, нашақорлық сияқты қиын іс – әрекет формаларына ие жастар әлеуметтік қолдауды талап етеді. Жастар арасында маскүнемдікке шалдыққандар саны соңғы 3 жыл ішінде екі есеге өсті. ҚР Бас прокуротурасының статистика және ақпарат орталығының мәліметтері бойынша, 2003 ж. 47000 нашақор тіркелген, оның 1700 – ден астамы кәмелетке толмағандар.
Бұл көрсеткіштердің барлығы жасөспірімдер ортасында девиантты іс – әрекеттің жалпылама сипатын көрсетіп, 2 деңгейде арнайы әлеуметтік – қорғаныс шараларын талап етеді:

  • Әлеуметтік – экономикалық факторларды төмендетіп, шектеуге бағытталған жалпымемлекеттік көлемдегі шаралар,

  • Жасөспірімдердің нақты категорияларын қолдауға бағытталған шара әрекеттері.

Бірінші деңгей шараларына отбасы мен балалық шақты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан қабылданатын заңды және тәжірибелік шаралар жатады: Үкімет 2003 – 2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету бағдарламасын қабылдады, 2003 ж жиналған 800 млн, теңге білім беру саласы қорындағы ақша нашар тұратын отбасы балаларына тамақ, киім, денсаулығына жұмсалған.
Екінші деңгей шараларына жүйелік сипатына ие қиын жасөспірімдер мен әлеуметтік жұмыс жатады, ол тек жасөспірім өзін ғана емес, оның жақындары да қамтып, психологиялық – педагогикалық шаралардан тұруы керек. Жұмыс басқа да қоғамдық институттарымен: білім беру, құқық қорғау, т.б. атқарылуы керек. Олардың басын біріктіруші әлеуметтік педагог болуы керек.
Оған мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, жастардың қорғауы мен әлеуметтік көмек көрсетуге арналған арнайы ұйымдастырудың жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызметтер ықпал етеді.
Бүгінгі күнде республикада ондай әлеуметтік қызметтердің белгілі бір құрылымы:

  • Бостандықты шектеу орындарынан келген кәмелетке толмаған жастарға кеңес берушілік, әлеуметтік – құқық, кәсіби көмек көрсетілетін жастардың реабилитация орталықтары;

  • Кәсіби, жедел анонимді тегін, психологиялық көмек көрсететін жастар мен жасөспірімдердің кеңес беру орталықтары;

  • Кәмелетке толмағандардың өмір сүруіне жағдай жасайтын баспаналар;

  • Медициналық – психологиялық, медициналық – әлеуметтік бейімделу бойынша кеңес беретін орталықтар қалыптасуда.

Қиын жасөспірімдерге әлеуметтік қолдау көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы, республикалық ғылыми – тәжірибелікп орталықтары: нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік мәселелер (Павлодар), психиатрия, психоемдеу және нашақорлық (Алматы), шылым шегу және девиантты іс – әрекеттің басқа да түрлерінің алдын алуына арналған әлеуметтік – психологиялық қызметі (Астана), «жастар салауатты өмір салты үшін» жастар ұйымы, «Родник» әлеуметтік – психологиялық реабилитация мен бейімделу орталығы, «Дана» отбасын әлеуметтік қолдау орталығы бар.
Сонымен жасөспірімдерге әлеуметтік көмек өз тиімділігін әлеуметтік мұғалімдермен әлеуметтік көмек көрсететін қызметтер мүмкіндіктерін қолдану негізінде, мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдастырудың дамуы олардың мемлекетпен өзара араласуы негізінде іске асу керек.
2.Қамқорлық көрсету және өз қарамағына алу бүгінгі күнгі белгілі бір себептен ата – аналық қолдаудан айырылған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуде маңызды формаларының бірі. Дәстүрлі түр мемлекет пен қоғамның назары ата – анасынан айырылған балаларға көп бөлінеді. Толық мағынада жетім бала – бұл ата – ана жоқ немесе олар белгісіз жандар. Бүгінгі күні ата – аналық құқығынан айырылмаған, бірақ баласына қамқорлық жасамайтын ата – аналар көбеюде. Әлеуметтік жетімдер – бұл Қазақстанда қоғам алдында тұрған қиын мәселелердің бірі. Сондықтан, өгей отбасы институтын құру балалардың жақсы дамуы үшін жағдай жасауға көмектеседі.
Бала құқығы жайлы БҰҰ – ның конвенциясының 7 – бөлімінде баланың негізгі құқықтарың бірі – бұл өз ата – анасын білу және олардың қолдауына ие болу. Егерде бала бір себептерден ондай ортада болмаса, онда 20 – бөлімге сай ол мемлекет тарапынан ондай қорғаныс пен көмекке құқығы бар.
Біздің елімізде бала мүдделерін қорғауға ҚР «Жанұя мен неке жайлы» Заңы қызмет етуде, ол қолғабыс етумен өз қарамағына алу қызмет орындарының құзырын, ата – ана қарамағынсыз қалған балалардың жағдайын ойлайтын механизмді қарастырады. Заңда қолғабыс етумен өз қарамағына алудың арнайы тәртібі қарастырылады: олар тек сот шешімі бойынша іске асады.
Тәрбиелеуге берілген бала берілген заңның 52 – 54 – баптарындағы бар құқықтарға ие. Балаға жанұяда тұру және тәрбиелену, ата – анасымен қарым – қатынас жасау, заңды мүдделерін қорғау, өз ойын айту құқығы беріледі.
Құзырлы органдар ұстануы тиіс негізгі принцип бар, ол қолғабыс ету және өз қарамағына алу тек балалардың мүддесі үшін, олардың құқығын қорғау мақсатында іске асуы керек.
Тағы да бір маңызды қажет – бұл «Бала құқығы жайлы» ҚР заңы. Жоғарыда аталған нормативті – құқықтық актілерден басқа да актілер қолданылады: Сонымен, ҚР-ның нормативті құқықтық базасы қолғабыс етуімен өз қарамағына алу институтының тиімді дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет