3. Әлеуметтік жұмыстың үш деңгейі. Әдетте оқу және ғылыми әдебиеттерде практикалық әлеуметтік жұмыстың үш деңгейі көрсетіледі: макро (әлеуметтік - әкімшілік), мезо (топтық), микро (индивидтік).
1. Микродеңгей – әлеуметтік жұмыстың индивидуалдық деңгейі клиентпен өзара әрекетті ұйымдастырумен сипатталады. Жақтардың обьективтілік сипаттамалары: жынысы, этномәдени идентификация, психасының индивидуалдық – типологиялық қасиеттері, қабілеттерінің даму деңгейі т.б. Сонымен бірге көмек көрсету жағдайында қызметкерге кәсіби статус және компонтенттілік керек, ал клиентте бірінші орынға оның қиын өмірлік ситуациясы шығады.
Индивидуальдық деңгейде психологиялық бағдарлы тұрғы алдыңғы орынды тұрады.
2. Мезодеңгей – әлеуметтік жұмыстың топтық деңгейі – бұл әлеуметтік жұмыстың субьектісі индивид (маман) және кәсіпқойлар тобы ретінде көрінетін, көмек көрсетуді жүзеге асыру. Өмірлік қиын жағдайға түрлі топтар түсуі мүмкін: отбасылар (кәдімгі, қабылдағандар, бағушы не күтушілер т.б.), өндірістік ұжымдар, демалыс бірлестіктері, өзара көмек топтары, әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиенттері.
Әлеуметтік жұмыстың мазмұны топішілік өзара қатынастың модельдерін, тұлғааралық қарым – қатынасты оптимизациялаудан көрінеді.
3.Макродеңгей – әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік – әкімшілік деңгейі ең бірінші ортақ территориясы мәдениеті, әлеуметтік – экономикалық жағдайы, мәселелері бар индивидтердің локальдық қоғамы болып саналатын, объектінің ерекшеліктері негізнде бөлінеді.
Әлеуметтік – әкімшілік деңгейде әлеуметтік жұмыс субъектісі – бұл мамандар ұжымы, әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі не осы мекеменің бөлімі.
Субъектінің іс –әрекеті оның функцияларын жетілдіруге бағытталады. Бұл деңгейдегі әлеуметтік жұмыс ортаны түрлі зерттеу бағдарламаларын іске асыру, әлеуметтік жұмыстың мақсатын анықтау, түрлі субъектілердің жұмысын координациялаудан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |