Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет31/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Әлеуметтік жұмыс міндеттеріне төмендегідей фоормулалар кіреді:

  1. Индивид, отбасы өміріне қатынастың әлеуметтік және мемлекеттік нормаларын

гуманизациялау. Әлеуметтік жұмыс қиын жағдайдағы адамға, халық категорияларына қоғам санасында аяушылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталады. Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қорғауға бағытталған уақытылы заңдарды қабылдаудың инициаторлары болуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу қоғамда өзара көмек, толеранттылық, альтруизм үлгілерін насихаттаумен байланысты.

  1. Көмекті қажет ететін сферадағы қоғамдық институттардың потенциалын

дамыту. Міндетті түрде мемлекеттік емес, формальды емес институттарды кейбір адамдар не адамдар тобына көмек беруге тарту, әлеуметтік мекемелердің қаржылық және материалдық резервтерін жасауға, толтыруға спонсорлық көмекті, халықаралық байланысты тарту (техникалық жабдықталу, ғылыми- техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану, иновациялық және экспериментальдық іс - әрекет). Көмектің маңызды ресурстарының бірі мамандардың әлеуметтік жұмыс бойынша компетенттілігі, әлеуметтік көмектің оптималды жолдары мен тәсілдерін ғылыми және әдістемелік жасақтау.

  1. Қоғамда өмір сүрудің қоғамдық эталондарын қоғамның ресурстық

потенциалымен сәйкестендіру. Бұл міндетті жүзеге асыру әлеуметтік саясаттың және әлеуметтік жұмыстың барлық деңгейлерінде (заң шығару, бюджетті бөлу, барлық көмек түрлерін бөлу ) шынайылық принципін сақтауды талап етеді. Әлеуметтік шынайылықты қамтамасыз ету мекен – жайлық көмекті жүргізуге мүмкіндік беретін, халықтың түрлі категорияларына, жеке адамдарға диференциалды қатынас орнатуды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер үшін төлемақының жұмсақ түрін енгізуді талап етеді.
4.Әлеуметтік жұмыс обьектісінің ішкі ресурстарын өзектендіру. Әлеуметтік қызмет клиенттерінің мүмкіндіктерін белсендіру қоғамдық ресурстарды рациональды пайдалануға мүмкіндік береді. Қиын жағдайдағы адамдардың өз өмірі үшін өзбеттілігін, жауапкершілігін дамыту әлеуметтік функцияның толыққандылығын қамтамасыз етеді, олар өздерінің қажеттілігін сезінетін болады.
5.Әлеуметтік жұмыс объектісі үшін қоғамдық ресурстарды пайдалануды жеңілдету. Клиент қандай жағдайда қандай көмек, төлеақы т.б қашан, қайдан алатындығы жөнінде ақпартты білуі тиіс. Көмек көрсететін жақ әлеуметтік қызмет клиенттермен қатынаста эмоционалдық, транспорттық т.б қызметтерді орындауда ашықтық мәдениеттілік көрсетуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет