Тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық қызмет процесс ретінде. Әлеуметтік жұмыстың мәні мен мақсаты. Дәріс мазмұны: 1.«Әлеуметтік жұмыс», «әлеуметтік көмек» және «әлеуметтік қорғау» ұғымдарының өзара байланысы.
2.Әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
3.Әлеуметтік жұмыстың принциптері. 1.«Әлеуметтік жұмыс», «әлеуметтік көмек» және «әлеуметтік қорғау» ұғымдарының өзара байланысы. Әлеуметтік жұмыстың мәнін анықтау әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету сияқты категориялармен анықталады. Бұл терминдердің маңызы әлеуметтік жұмыстың мазмұндық сипаттамасын көрсетеді.