Адилбаева Карина 020-жм №6 Практикалық сабақ. Қоғамның саяси жүйесі. Жұмыстың мақсаты мен міндеті



Дата08.02.2022
өлшемі17,02 Kb.
#121122
түріСабақ
Байланысты:
Адилбаева Карина 020ЖМ Саясат-6
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Адилбаева Карина 020-ЖМ
6 Практикалық сабақ. Қоғамның саяси жүйесі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Саясатты жүйелік баяндау принциптері. Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтары. Қазақстан Республиғкасының саяси жүйесі.

Деңгейлік тапсырмалар:


1–деңгейлік сұрақ. Қоғамның саяси жүйесі деп нені атайды?
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, тіпті жеке адамдардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған-мемлекет, мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және басқа да түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.

1 –деңгейлік сұрақ. Саяси жүйе қандай қызметтерді атқарады?


Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саясат пен ықпалды топтар қоғамдық, көпшілік істерді шешуге араласуы арқылы мемлекет қызметін атқарады. Бірақ олардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та бар. Мысалы партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді.

Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.


2–деңгейлік сұрақ. Саяси жүйенің басты элементіне не жатады?


Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады.

2–деңгейлік сұрақ. Г. Алмонд пен Д. Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтар қандай?


«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады

3–деңгейлік сұрақ. Саяси жүйені жіктегенде қандай өлшемді қолданасыз?


Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. Мысалы:
- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан саяси жүйелер – англо-американдық, континенталды-европалық, индустриалды елге дейінгі, жартлай индустриалды, постиндустриалды (Г.Алмонд);
Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы - мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.


Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген.
Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.
Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.
Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды. Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық. Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет