Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет23/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Эндогендік факторларға жататындар: түрлі тұқым қуалайтын аурулар (аплазия-ішкі құлақтың жеткілікті дамуындағы, миопатия- бұлшық еттердегі зат алмасудың бұзылуы т.б.); хромасоманың саны мен құрылымындағы өзгерістермен байланысты аурулар (хромасомалық жинақтардың шамадан тыс көбейіп кетуі немесе хромасомалық жұптардың жетіспеушіліктері т.б.).
Экзогендік себептерге жататын факторлар: ата-аналардың созылмалы, инфекциялық аурулармен ауруы, интоксикация(маскүнемдік, нашақорлық, никотиндік т.б), түрлі жарақаттар (туылу кезіндегі, бас сүйек, ми зақымданулары, аяқ-қол жарақаттары т.б.), резус факторлардың сәйке келмеуі, санитарлық – гигиеналық нормалардың сақталмауы.
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық » термині қолданылады (лат. Deviatio- ауытқу). Девиантты мінез-құлық – нормадан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне (қарама– қайшы) сай келмейтін іс-әрекеттері мен құлықтары. Девианттық мінез-құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз – «норма» және «қылық».
Әлеуметтәк норма бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, йлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын және мінез-құлықты ретттейді әрі бақылап отырады. Норма- идея, идеялар сияқты бағыттап қана қоймай, ережелерды жүктейді(таңады).
Нормалардың реттеуші ықпалы олардың мінез-құлықтық түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығымыз.
Әдетте, қабылдаған нормаларды бұзу қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін девиацияға қарсы күрестің бірден бір құралы болып табылады.
Психологияда қылық адамның рухани-аламгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыдан оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және жалпы табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан жағымды және жағымсыз (аморальды-этикалық және моралдық) нормаларды бұзумен сипатталатын жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, ережелерді бұзушылық бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.
Белгілі психолог ,алым Б.Г.Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан оларда төмендегідей қарым-қатынас түрлері болатындығын дәлелдейді.
а) адамдар туралы ақпарат пен тұлғааралық қарым-қатынас арасындағы;
ә) адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;
б) тұлғаның өзіндік ішкі әлемді өзгертуі. Бұларды балалар мәнез-құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және оларды себептері мен шарттарын анықтауда есте ұстау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет