ҚР-ның ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі71,5 Kb.
#93243
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚР -ның ақпараттық саясаты,БАҚ-тың дамуы.Қазақстан жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.


ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық са­ланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарың құруда болған қиындықтарға тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді.
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды.Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы заңдардың қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.
Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады.
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді: 1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.3.Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу. Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.

Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы


Заманауи қазақ қоғамында діннің ықпалы орасан зор екені осы уақытқа дейін болып өткен экстремизмдік əрекеттер мен қоғамдағы діни жағдайдың тұрақсыздығын бір дəлелдеп өткендей. Бүгінгі күнде Қазақстанда 4551 діни бірлестіктер бар (салыстырмалы түрде: 1990 жылы олардың саны 670 болған.). Қазақстан халқының көпшілігі дінді этникалық мəдениет пен ұлттық дəстүр деп қарастырады. Дəстүрлі діни институттардың ықпал ету аясы кеңейіп, халықтың діни əсерді қабылдау деңгейі өсуде, діни ұйымдардың əлеуметтік қызметі күшейіп, діни ілім рөлі өріс алуда, діни миссионерлердің қызмет белсенділігі қарқындауда. Осы факторлардың барлығы заманауи қоғамға діннің əсерін күшейте түсетіні күмəнсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Елдегі діни-экстремистік идеологияның элементтерін, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, конституциялық құрылымға қол сұғушы əрекеттердің қатаң түрде алдын алу қажет» [1] деп қадап айтқан болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [2] делінген.
Біздің мемлекетте құрамында мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар, буддистер жəне иудейлер бар түрлі конфессия өкілдері өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет