Байланысты: ҚР -ның ақпараттық саясаты,БАҚ-тың дамуы.Қазақстан жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.
Қорыта келе жоғарыда айтылып кеткен шет мемлекеттердің мемлекеттік конфиссионалдық қатынастарын талдай келе, экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алуға бағытталған бірнеше кешенді шараларды бөліп айту керек. Бірінші кезекте құқық қолдану тəжірибесіне қатысты. Мұнда экстремизмнің қылмысты акцияларын орындаушылар мен ұйымдастырушыларды ғана жауапкершілікке тартып қоймай, сондай-ақ оның рухтандырушыларын, шабыттандырушыларын да қоса жазалау керек. Қоғамда бейбітшілікке, гуманизм мен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған идеяларды қарастыратын идеологиялық күреске де маңызды рөл беріледі. Ерекше назарды ағартушылық жұмысқа аударуымыз керек, бұл мəселеге ғылыми қоғамды, діни бірлестік көшбасшыларын жəне экстремизм қауіптілігін хабарлайтын БАҚ өкілдерін тарту қажет. Соңында айта кетеріміз, экстремизмге қарсы тұрудың маңызды факторларының бірі болып дін мен экстремизмнің өзара қарым-қатынасын теріске шығару табылады.