ҚР-ның ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі71,5 Kb.
#93243
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚР -ның ақпараттық саясаты,БАҚ-тың дамуы.Қазақстан жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.

1992 жылы 15 қаңтарда, яғни тəуелсіздік алғаннан соң екі айдан кейін қабылданған «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» [3], ең бір либералды (ымырашыл, бос) заң болып табылады. Көпконфессионалды қазақстан қоғамында дін мен халықтың діндарлық деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасалды. Сəйкесінше шетел миссионерлері, түрлі конфессия мен діни ағымдардың өкілдері осы жағдайды өздеріне оңтайлы қолдана білді. Қызметі күмəн тудыратын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жалпы қоғам бүтіндігін бұзатын деструктивті ағымдардың елімізге енуіне толық мүмкіндік жасап бердік.
Қазақстанда бірнеше рет діни экстремизмнің ауыр нысандары көрініс тауып, сəйкесінше экстремистік топтар мен ағымдар тікелей мемлекетке қауіп төндіре бастады. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамға осындай ақиқатты қабылдауға жəне шұғыл түрде тиісті жауап қайтаруға тура келеді. Жəне бұл ситуативті жауап беру емес, жағдайды бүтіндей жаңа стратегиялық бағыт ретінде қарастырып, привентивті шаралар қабылдануы керек.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар үлгісі мемлекеттің конфессияларға қатысты бейтараптылық танытуына негізделген, барлық діндер тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, түрлі сенімдегі адамдар арасында өзара сыйластық қатынастар орнатылған. Осы қағидаларды қалтықсыз ұстану нəтижесінде мемлекеттің тəуелсіздігін алудағы тарихи өтпелі кезеңде қазақстандық қоғамның бүтіндігі сақтала білді.
Бүгінде аталып кеткен үлгінің əрі қарай жетілдіру қажеттілігінің артып келе жатқанын сезінеміз. Қазақстан қоғамы ішінде діннің Халықаралық мəдениет жəне дін орталығының тапсырысыбойыншажүргізілгенəлеуметтісауалнамасы деректері бойынша қазақстандықтардың көпшілігін қалыптасқан діни сенімдегі адамдар деп айтуға болады. Тəжірибелі сенушілер, яғни жоғары діни сенімдегі адамдар салыстырмалы түрде көп емес – 7-8 пайызды құрайды, алайда кеше ғана атеизм билік құрған қоғамнан шыққан ел үшін бұл сандар тіпті қорқынышты көрінеді. Əсіресе біздің елдегі сенушілердің көпшілігінің жастар екенін, сондай-ақ ұрпақтардың табиғи ауысы үдерісін ескерсек.
Осыған байланысты мемлекет маңызды шаралар қабылдай бастады. Біріншіден, 2011 жылы қазанайында«Діниқызметжəнедінибірлестіктер туралы» [4] жаңа заңның қабылданғанын айта кету керек. Осы заңға сəйкес діни ұйымдардың барлығы 1 жыл көлемінде қайта тіркеуден өтуі қажет еді. Мұндай норманы енгізудің басты мақсаты – діни бірлестіктердің қызметі мемлекет жəне қоғам үшін ашық, айқын ету. Осы күнге дейін бұл талап дұрыс сақталмай келген еді жəне соңынан орасан үлкен мəселелер туындатты. Сонымен қатар, аталған норманы енгізудің басты себептерінің бірі – біздің менталитетімізге, дəстүрімізге, мəдениетімізге жат, дінді жамыла отырып өзінің құқыққа қайшы əрекеттерін жүргізетін деструктивті діни ұйымдардан азаматтарымызды қорғауды заңи түрде бекіту еді.
Дегенмен, мұндай түрдегі сұрақтарды шешумен қатар, бүгінде біздің алдымызда ірі көлемдегі міндет тұр – қазақ мемлекетінің конфессионалдық саясаты қандай стратегиялық мақсаттарды көздеуі тиіс, қай жаққа қарай қозғалуымыз керек, соны анықтап алуымыз керек. Жалпы алғанда осының өзі біздің мемлекеттік конфессионалдық қатынастар үлгімізді жетілдіру жəне дамытуды білдіреді.
Осы мəселені анықтау барысында, əлемдік тəжірибеге қызығушылық танытуымыз заңды сияқты. Əсіресе біздің назарымызды зайырлы мемлекеттік құрылымдағы Түркия жəне Малайзия сияқты мұсылман елдері аударады. Ал батыс үлгілерінің ішінен екі «классикалық» – американдық жəне француздық үлгілер көңіл аударарлық.
Осы үлгілерге нақтырақ тоқтала кетсек. Зайырлы мемлекеттің түрік үлгісінің ерекшелігін олардың заңнамаларының толықтай еуропалық сипатта болуымен, сондай-ақ діни бірлестіктерді мемлекеттендірумен түсіндіруге болады.
Түрік дін істері жөніндегі Басқарма – мəртебесі министрліктерден де жоғары тұратын əлеуетті, мемлекеттік құрылым болып табылады. Түрік имамдары мемлекеттік қызметкер мəртебесіне ие болып, мемлекет тарапынан əлеуметтік қолдау көріп отырады.
Елде мемлекет қаржыландырып отыратын діни оқу орындар жүйесі, сондай-ақ ірі ЖОО жанында теологиялық факультеттері бар. Соның арқасында діни сауаттылық деңгейі өте жоғары. Түркия елінің 97% мұсылмандары діни істер жөніндегі Басқармаға үлкен сенім білдіреді. Діни сауаттылық пен діни экстремизмнің алдын-алуды қамтамасыз ету мəселесі бойынша Түркия елінен көп нəрсе үйренуге болады. Алайда олардың үлгісін толықтай көшіріп ала алмаймыз. Өйткені Түркия – моноконфессионалды ел болып табылады, мұсылмандар халықтың 98 пайызын құрайды. Түрік үлгісінде дін мемлекетпен өте тығыз байланыста.
Малайзиялық үлгіге келетін болсақ, моноконфессионалды Түркияға қарағанда этноұлттық жəне конфессионалдық қатынаста гетерогенді қоғам ретінде көрініс табады, жəне бұл жағынан Малайзия Қазақстанмен ұқсас болып келеді. Ислам Малайзияда ресми мемлекеттік дін болып есептелгенімен, мемлекеттің өзі зайырлы болып табылады, өйткені елдің барлық діни қоғамдарына ішкі автономиясының мүмкін болатындай деңгейіне жағдай жасап, плюрализм саясатын ұстанады, яғни қоғам өмірінің бірқатар салалаларында аралас қатынастық жүйе қолдануға дейін осындай жолдар қарастырылған. Тіпті Малайзияның кейбір штаттарында ресми түрде шариғат пен əдет (дəстүрлі құқық) заңдары əрекет етеді. Сонымен қатар заманауи Малайзияның саяси идеология құрылымында ислам маңызды орын алады. Мысалы, малайзиялық «экономикалық ғажайып» «Islam Hadhari» («Өркениетті Ислам» тұжырымдамасы қағидасының негізінде құрылған.
Алайда Малайзиялық үлгі, түрік үлгісі секілді біз үшін зерттеу объектісі ғана болып қалу керек сияқты, өйткені ең алдымен федеративті Малайзияға қарағанда Қазақстан бұртұтас мемлекет болып табылады. Бір жағынан алып қарағанда Малайзия халқының діншілдік деңгейі бізге қарағанда тіптен жоғары. Қазақстан қоғамы мүлдем басқа жəне тарихи жолы да дара, өзгеше. Егер батыс елдерінің тəжірибесін алып қарасақ дін мен мемлекеттің өзара қарымқатынас үлгісінің ең танымалдары деп американдық жəне француздық түрлерін атауға болады. Американдық үлгі, индивидтің өзін-өзі жүзеге асыруда абсолютті құқық басымдылығын білдіреді, жəне діннің кез-келген нысанына, оның барлық сыртқы көрінісіне толық бостандық, еркіндік береді. Басқа жағынан алғанда осы үлгі біздің саяси мəдениетімізге тіптен жат пікір білдіру бостандығының көрініс табуына мүмкіндік береді. Мысалы жария түрде Құранды өртеп жіберу тек өртке қарсы ережелерді бұзғаны үшін əкімшілік айыппұл төлау жазасымен ғана шектеледі. Бұл жəй ғана азаматтың өз еркін білдіру бостандығы деп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет