Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Тақырыбы: Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «ауытқулар» ұғымдарының сипаттамалары



бет22/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тақырыбы: Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «ауытқулар» ұғымдарының сипаттамалары
Дәріс мазмұны:

  1. «Қалып», «аномалия» ұғымдарын түралы түсінік

  2. Мінез-құлық ауытқуларының эндогендік және экзогендік факторлары.

  3. Девианттық мінез-құлық туралы түсінік

Кез келген қоғамда, оның экономикалық даму деңгейіне қарамастан өзіне ерекше көңіл бөлуді қажет ететін әлеуметтік топтар болады. Олар – физикалық психикалық немесе әлеуметтік дамуына белгілі бір ауытқулары бар адамдар. Мемлекет пен қоғамда оларға деген ерекше қатынас қалыптасқан. Дегенмен, мәдени-саяси және экономикалық жағдайларға байланысты адамдардың мұндай топтарына әр тарихи кезеңде қоғам сантүрлі қатынастар түрлерін қолданған. Мысалы, ежелгі Спартада оларға зор кезекпен қарап, оларды физикалық тұрғыда жойып жіберуге дейін баратын жағдайлармен ерекшеленген, ал кейбір мемлекеттерде керісінше. Ізгілікті көзқарастар үстем болған.


Қазіргі таңда АҚШ-та және Батыс Европа елдерінде дамуында ауытқулары бар адамдарды қоғамға интеграциялау концепциялары жүзеге асуда, яғни, мұндай адамдар қоғамның тең құқылы мүшелері, тек белгілі бір проблемалары бар және мүмкігшіліктері шектеулі адамдар ретінде қарастырылады. «Дамуында проблемалары бар адам» ұғымы АҚШ- та кеңінен қолданылады, ал, «мүмкіндігі шектеулі адамдар» ұғымы көбіне Европа елдеріне тән.
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қарым-қатынас, ең алдымен, олардың денсаулығы мәселесі жылдан жылға күрделі де өзекті мәселеге айналуда. ЮНЕСКО- ның болжамы бойынша, мұндай адамдардың санының өсуін дүниежүзілік қауымдастық жақын уақыт аралығында өзгерте алмайды. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі адамдар санының, оның ішінде балалардың саны өсуін бұлтартпас факт ретінде қарастыру қажет.
Адамдар санасындағы норма сферасының өзінің белгілі бір шегі бар, ал сол шектен тыс нәрсенің, құбылыстың барлығы- «қалыптасқан ауытқушылық» немесе «патология» ретінде анықталады. Күнделікті тәжірибеде осы шектерді саналы не санасыз түрде анықтайтын, мүгедектердің қалыпқа сай немесе сай еместігін бағалау процесі жүріп отырады. «Қалып» ұғымы медицинада, психологияда, педагогикада, әлеуметтануда және т.б. ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымға дәл, нақты анықтама беру өте қиын. Мысалы, тек мединицада оның 200-ге жуық анықтамалары бар. Қиындығы сонда- бұл сөзге ұғымдық қана емес, мазмұндық та анықтама беру қажет. Өнегелілік қалыптар қай қоғамдастықта да нақты анықталмаған. Өйткені, олардыңғ біріншіденғ ұлттық ерекшелігі бар, екіншіден, бұл ұғымдар уақытпен бірге өзгеріп, қайта қалыптасып отыратын құбылыстар. Мәселен, АҚШ-та, Европа екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ондаған жылдар бойына шылым шегу күнделікті үйреншілікті құбылыс болып саналады да, қоғам оған қалыпта,ы нәрсе деп қарады. Ал, қазіргі күні қоғам – адамның денсаулығына зиян бұл жағымсыз әдетке қарсы ашық күрес жүргізу. Норма – бұл қандай да бір идеалды қалып, обьективті шындықтың көрінісі. Қоғамдық ғылымдардағы қалып ұғымын пайдалануы физика ғылымындағы «идеалды газ» ұғымымен салыстыруға болады. Табиғатта мұндай газ жоқ, бірақ осы ұғым арқылы физиктер көптеген жаңалықтар ашқан. Медицинада,әлеуметтануда, педагогика мен психологияда қалыптың өзіндік параметрлері, көрсеткіштері, сипаттамалары бар. Қалыпқа сай келмейтін қандай да бір құбылыс «ауытқу» немесе «қалып» және «қалыптан ауытқу» ұғымдары өте қажет. Олар баланың әлеуметтік мінез-құлқы, жүріс-тұрысы және даму үрдісінің сипаттамасы үшін қолданылады.
Ауытқулардың да жағымды және жағымсыз жақтары болуы мүмкін. Мысалы, ақыл-ой артта қалушылығымен қатар, дарындылық пен данышпандық та қалыптан ауытқушылық болып есептеледі.
Отандық және шетелдік мамандардың айтуы бойынша, өкінішке орай, дамуында ауытқушылықтары бар балалар саны жыл сайын өсіп келеді. Бұған түрлі себептер бар.қо,аммен жекелег отбасыларында тыныштықтың боламауы, көп жағдайларда қалыпты экономикалық және экологиялық нормалардың сақталмауы, мектеп пен отбасы тәрбиесінің жетіспеуі, танымдық депривация (субьектінің ұзақ уақыт бойына өмірлік қажетті психологиялық қажеттіліктерін өтеуіне кедергілер келтіретін ахуал жағдайында болуы), эмоциялық және сенсорлық қарым-қатынастар мен қажеттіліктердің жеткіліксіздігі т.б
Аталған және басқа да көптеген патологиялық факторлар түрлі аурулар мен дамуындағы ауытқушылықтарға әкеліп соқтырады.
«Аномалия» ұғымы грекшеден аударғанда «қалыптан, жалпы заңдылықтардан ауытқушылық», «дамудың дұрыс еместігі»,- дегенді білдіреді.
«Қалып» дегеніміз- бір нәрсенің қалыптасқан өлшемі, орташа мөлшері. Қалып ұғымы шарттары түрде бірқалыпты, өзгерейтін шама. Оның мазмұны белгілі бір қоғамныңғ социумның мәдени деңгейіне тәуелді болады да, уақыт өтуімен бірге өзгеріп отырады.
Қалып өлшемдері, критерийлері, әсіресе, коррекциялық- дамытушылық қызметте өзекті проблемаға айналады.
Шетелдік және отандық ғалымдар дәоеодеп отырғандай, дамуында және мәнез-құлқында психофизикалық ауытқулары бар балалар саны жыл санап көбеюде. Бұл жағдайда бірнеше патологиялық эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) факторлар әсер етуде: генетикалық ауытқулар, физикалық және психикалық жарақаттар, симатикалық және инфекциялық аурулар, қоғамның және жекелеген отбасыларының келеңсіздіктері, кей жағдайларда болашақ ана мен балаға деген жайлы экономикалық, экологиялық, гигиеналық жағдайлардың жасалмауы, мектеп пен отбасының жеткілікті түрде тәрбие жұмысымен айналыспауы т.б. Мұндай ауытқушылықтарды бастапқы сатысында-ақ байқап қажетті шаралар қолданбаса, олар асқынып 2-3 кезеңдерге көшіп, баланың жағдайы ауырлап кетуі мүмкін. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, педагогикалық қажеттіліктерден жоғары оқу орындарында «Арнаулы психологияның» негіздеріне сүйенетін «Коррекциялық педагогика» курсы енгізілуде. Бұл курс белгілі бір деңгейде негізгі дефектологиялық проблемаларды шешуде педагогтарға бағыт-бағдар береді деп күтілуде.
Балалардың дамуындағы аномалия немесе ауытқушылықтар сан түрлі. Олардың баланың психофизикалық дамуының түрлі жақтарына қатысы болуы мүмкін. Мысалы: сөйлеу жүйесі, сезімдік қабылдауы, интелектуалдық, эмоциялық-еріктік, қимыл-қозғалыс сферасы, т.б. Олардың пайда болу себептері де сан алуан. Педагогтарға балалардағы ауытқушылықтардың шығу, пайда болу себептерін анықтап қана қоймай, оларды түзетудің әдістері мен тәсілдерін игерген абзал. Бұл білімдар мен дағдылар болашақ педагог мамандарға арнайы білім беру мекемелерінде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен оқу орындарында жұмыс жасау үшін сөзсіз қажет.
Дамуында проблемалары бар балаларда оларды жалпы дамудағы артта қалушылыққа әкелетін физикалық немесе психикалық жетіспеушіліктері(дефект) болады.
Дефектінің сипатына байланысты және оның пайда болу уақытына қарай кейбір жетіспеушіліктерді толықтай жоюға болады, екіншілеріне түзетулер енгізуге болады, үшінші жағдайда оларға компенсация жасауға (алмастыратыруға, орнын толтыруға) тура келеді.
Проблемасы бар баланың дамуының бастапқы кезеңінде оның тәрбиесі мен оқуына алғашқы дефект кедергі келтіретін болса, дер кезінде коррекциялық көмек көрсетілмесе, ол екінші сатыдағы дефектіге ұштасуы мүмкін. Осы екінші дефект сатысы баланың әлеуметтік бейімделуіне шектеулер қойып, оның эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқының бұзылуына жеткізеді де аномалды баланың педагогикалық және әлеуметтік жағына кері кетуіне әкеліп соқтырады.
Дамудағы ауытқушылықтардың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Мамандар ол себептерді негізгі: эндогендік (генетикалық) және экзогендік (қоршаған сыртқы орта әсері) факторлар сияқты екі топқа бөліп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет