Үшінші кезең – диагностикалық. Педагог бағытының маңызды қадамы проблемасы диагностикалау және оның пайда болу себептерін анықтау. Бұл тек алғашқы кезеңдерде тәрбиеші мен тәрбиеленушіның арасында сенімді байланыстың орнауына ғана байланысты болуы мүмкін.
Осы мақсатпен педагог белсенді эмпатиялық тыңдау әдісін қолданады. Әдеттеғ бұл әдісті вербалды емес эмоциялық қолдауда қолданады.
Төртінші кезең – жобалық. Бұл кезеңде: біріншіден, басқа педаготың қолдауымен проблеманы шешудің жолы мен амалын анықтайды; екіншіден, тәрбиеші мен тәрбиеленуші проблеманы шешудегі іс-әрекетте өзара байланыстың формалары мен әдістері жайында келісім жүргізеді.