Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Тақырыбы: Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары



бет66/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тақырыбы: Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары.
Дәріс мазмұны:
1. Әлеуметтік ауытқулар, оның түрлері.
2.Ауытқуланушы, делинквенттық, девинанттық жүріс- түрысты қалыптасытурға ықпал жасайтын факторлар тобы.
1.Олигофрения туа пайда болатын, туғаннан кейінгі ақыл кемістігі.
Кемтар балалардың үшінші тобы- ақыл-ойы кем балалар. Олардың орталық нерв жүйелері бұзылған, бұл- балалар организміндегі аса үлкен кемістік.
Ақыл-ойы кем балалар ой- өрісінің тарлығы, кемдігі дәрежесіне қарай айқындалған жеке топтарға бөлінеді.
Ақыл- ой кемдігінің ең жеңіл түрі дебильдік деп аталады. Дебильдік- олигофренияның жеңіл түрі. Мұндай жағдайда арнайы бағдарлама бойынша қосымша мектепте оқытуға және мамандықтың жеңіл түрін үйретуге болады. Дебильдер өмірдің күрделі емес жағдайында өз бетімен үйреніп, қиналмай- ақ үйленеді. Жоғары абстракциялар оларда жоқ, бірақ сөз қоры мен механикалық есі орташа болуы мүмкін. Дебильдіктің орташа деңгейінде эстетикалық, интелектуальдық өнегелік сияқты жоғары эмоциялар болуы мүмкін. Жылдар өткен сайын ақыл кемістігі аз білінеді. Дебильдіктің жеңіл түрінде еңбекпен айналадағы ортаға толық әлеуметтік бейімделу болады. Олар қосалқы мектепте(негізгі оқу мерзімі еңбекке үйретуге жұмсалатын арнайы оқу программасы бар 8 жылдық мектепте) оқиды. Дебильдер ондай мектепті бітіргеннен кейін: столяр(ағаш шебері), слесарь, киім тігуші, сылақшы, токорь, кітап түптеуші және т.б. маман.дықтар алады. Олар жұмысқа орналасқаннан кейін барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, өз отбастарын барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, асырап, шамасы келгенше қоғамымызға пайда келтіреді.
Екінші топтағылар- интелектілік дамуы едәуір кейін қалған, ақыл- ойы кем имбецил балалар. Абстрактілі ойлауға мүлде қабілеті жоқ, тілі мүкіс, сөз қоры ондаған сөздермен шектеледі. Аз мөлшерде санауды біледі және қарапайым арифметикалық әрекеттерді көректі мысалдар арқылы жасай алады. Олардың тіршілігі тамақты қабылдауы және және жыныстық сезіммен шектеледі, әуестіктің өзі бұзылған. Оларда өзін- өзі қарауды дағдыландыруға болады. Еңбек істеу қабілеті жоқ. өз бетімен өмір сүре алмайды, үнемі бақылауды қажет етеді, туған- туысқандарына жақын болады. Олар қуанады, ұялуы, қорқуы мүмкін. Қосымша мектептерде оқи алмайды. Олардың жүріс- тұрысы рабайсыз. Имбецильдердің реакциялары ерекше болып, кейде ашуланшақ және қауіпті болады. олардың сенгіштігі мен еліктеушілігі жоғары болғандықтан әлеуметке қарсы әрекет жасайды. Қазіргі кезде кезде қосалқы мектептерде имбецил балалар үшін сыныптар ашылуда.
Үшінші топтағылар- нақұрыс балалар.ойлау мен сөйлеу қабілеті дамымаған, тек түсінік дыбыстар шығарады. Айналадағыларға рекциясы төмен болады. Нақұрыстар психологиялық және денесінің өсуі жағынан алғандағы өзгерістер терең байқалады. Эндокриндік өзгерістер, бас сүйегі мен қаңқа құрылысындағы тұрпайылық, көріксіздік байқалады. Іс- қимылды үйлестіру, әсіресе қолдың ептейлі қимылында қатты бұзылады. Сөзді айтқанда олар жеке- жеке дыбыстарға бөліп айтады. Төңірегіндегілерге көз тоқтатып, ойлай алмайды, өзіне- өзі қызмет көрсетуге шамасы келмейді. Оларды ұдайы қадағалап, күтуге тура келеді. Ондай балларға әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері тарапынан қамқорлық жасалады.
Мұндай балалардың бұл кемістігі әр түрлі кезеңде орталық нерв жүйесі зақымданудан болады. Біреуінде зақымдану ол құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде ол туғаннан кейін, 3 жасқа жейін болады. Процестің өзі тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануы органикалық зақымдану деп, ал балалардың өзін ранайы педагогикада олигофрендер деп атайды.
Сонымен бұл категориядағы аномальді балалардың орталық нерв жүйесінің бұзылуы түрліше себептерден ерте кезден болғандықтан, олардың бәрінің бұдан былайғы дамуы кемістік негізінде пайда болады. Сөйтіп мидың зақымдануынан жоғары неры жүйесінің қызметі қатты бұзылады, демек осыдан барып бүкіл психологиялық процестердің дамуы бұзылады.
Алайда олигофрен балалар мен кемақыл балаларға тән болатын бүкіл психикалық процестер – ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және басқа қабілеттер дамуының бұзылуы. Ақыл- ой кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және писхикалық ерекшелік ойлану процестерінің жетілмеуі, атап айтқанда қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы болып табылады. Ойлаудың төменгі дәрежесі- олигофрендердің негізгі кемістігі.Көмекші мектеп яғни, ақыл-ойы кем балаларға арналған оқу орны. Мінез- құлыққа қатысты мағлұматтарға қосымша баға беру және талаптану дәрежесінен тыс жүргізілген зерттеулер мен байқаулар, қосалқы мектепті бітірген ақыл- ойы кем кейбір ересектердің ерекшеліктері жайында пікір айтуға мүмкіндік береді. Мұндай зертеудің нәтижесі, қосалқы мектеп өзінің тәрбиеленушілеріне еңбек дағдыларын ғана үйретіп қоймай, оларға әлеуметтік еңбек бағдарын беретінін, еңбекке саналы түрде қатынасуды үйрететінін көрсетті. Оны бітірушілердің көпшілігі томаға- тұйық қосалқы мектеп жағдайынан шығып, нағыз азаматтар қатарына қосылғаннан кейін, өз бетінше еңбек етеді. Қосалқы мектептің бұрынғы шәкірттерінің мінез- құлқында қайсібір тұрғыдан алғанда өміршеңдік бағыты байқалады. өндіріс орнын аралағанымызда ондағы жастар бізді қонақ ретінде қарсы алып, өз бригадасындағы жұмыс туралы айтып береді. Олар тәжірибе жүргізушілерден қысылып- қымтырылмай сөйлеуден қашқақтаған жоқ.
Қосалқы мектептерді бітірген көптеген жас жігіттер мен қыздар өз жұмыстарына өте ризалықпен қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет