А Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу
бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және
сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта
жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу.
В Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс
емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін,
түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету Әр
сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес
келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс,
диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару,
жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |