Байланысты: Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б
Document Outline
Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары 1. Негізгі ережелер
1.Осы Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21 – 3 тармақшасына сәйкес және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ...
2.Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) оқыту мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқыту курсы кезінде білу, түсіну және дағдыларға қолжеткізу бойынша күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын пайымдаулар;
2) өлшемшарттарды бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі нақты айқындалған өлшемшарттарымен, білім берудің тиісті мақсаттары және мазмұнымен салыстыруға негізделген процесс; 3) бағала...
5) жиынтық бағалау – оқу тоқсанның аяғында оқу бағдарламаларының бөлімдерін оқып аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруі мен дағдыларының қалыптасуы деңгейін айқындайтын бағалау.
6) жылдық бағалау – оқу жылының соңында қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін қоса алғанда пайыздық арақатынаста білім алушыларға қойылатын баға; 7) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелерін тіркеу журналы – қалыптастыруш...
9) түсіну – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіру қабілеті;
10) қолдану – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің т...
11) талдау – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілеті;
12) жинақтау – бөліктерді (идеялар, әлементтер) жаңа мәнмәтінге біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармаш...
13) бағалау – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілеті;
14) тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың д...
15) айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру; құрдастарымен тапсырманы орындау барыс...
16) оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау;...
17) жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған оқиғалар туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей, барынша сауатты жазу; бе...
18) портфолио – бұл белгілі оқу мерзімінде білім алушының жеке оқу жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілі. Білім алушылардың портфолиосы оқу мақсатына жету дәлелі ретінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижерін жинақтау үшін арналған...