Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет36/110
Дата11.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#141881
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   110
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

Бағалау 
- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының 
берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің 
нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың 
синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, 
мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол 
материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға 
мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. 
Жоғары оқу орындарында бағалау қазіргі таңда рейтингтік әдіс арқылы 
жүргізіледі. 1960-шы жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) 
және 
суммативті 
(жиынтық) 
бағалау 
терминдерінің 
арасындағы 
айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін 
оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын 
оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін 
анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОҮБ) дербес тұжырымдама 
ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға 
жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық 
(оқуды бағалау) болып саналады. 


Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде 
мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықгарын анықтау, 
жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, 
бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық 
бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды 
қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту 
үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны 
меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, 
бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму 
мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды 
бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды 
мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне 
кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы - ол оның 
білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекетгеріне 
қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана 
алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателерді талдауын, салыстырмалы 
түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Нәтижесінде оқушының мұғалімге 
деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді. 
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа 
модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық 
жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. 
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін 
анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керекгігі, алға қойған 
мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте 
тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланған басқа 
модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген 
модульді пайдаланғанда оның нәтижесін білуіміз керек, яғни, сабақ беру 
кезінде таңдап алынған модульді қаншалықты пайдаланғанымызды 
бағалауымыз тиіс. 
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы 
айтылып, бұкаралық ақпаратгық құралдар арқылы да жарияланып келеді. 
Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және 
мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен 
дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, 
оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа 
жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Егер оқушылар тапсырманы 
шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, 
онда ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің 
қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де 
өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. 
Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір 
ғана түрін қолданады. 
Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 
түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер 


оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде 
қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында тренерлердің 
бағалайтынын сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін 
тренерлер формативті бағалайды. Курстың соңғы айында толығымен 
рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған 
жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп, толығымен бағалану үдерісіне 
түседі. 
Тындаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан 
портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып 
жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. 
Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең 
үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне 
қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын 
бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береді. 
Тренерлер корпусы, осындай қиындықтарды шешуге жол сілтей 
отырып, бағыт-бағдар беріп мұғалімдердің кәсіби жұмыстарында 
оқушыларды нақты, әділ баға беруіне үйретеді, дағдыландырады. Сондай 
мұғалімдерден білім алған әр-бір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, қоғам 
шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса 
Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шындарды 
бағындыратынына сенімділік күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет