Жеке-дара қатынас
- әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның
қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта
- бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін
қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және
практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Диффериенциалдық қатынас
- әрбір пәннің ерекше-лігін, жекелеген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған
сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын
талап
етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың
сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің
орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен
сәтсіздіктердің
болмауына
кепілдік
жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика
ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге
асады.
Олар
мыналар:
ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын
орындау, тәжірибе жүргізу).
Машиналы
бағдарламалап
бақылау
(перфокарталар,
бақылау
карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).Өзін-өзі бақылау,
бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін
бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес
формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс
ұйымдастыруына
байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар
немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында
оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-
біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды
өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды
мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен
тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге
байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті
қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және
дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау
бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.
Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз
пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса
көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. өзін-өзі
бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және
дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. өзін-өзі
тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған
жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан,
оқушы білімін
бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.
Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның
өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық
құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5''
балдық жүйелер қолданылады.
''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен
айтылған жауапқа қойылады;
''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі
бар жауапқа қойылады;
''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде
кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; ''2'' бағасы - оқушы
жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
''1'' бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып
жатқан
өрескел
қателер
үшін
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |