Байланысты: Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б
Тақырып 2. Блум таксаномиясы және бағалау критерийлері. Өлшемдерді жобалау:жалпы тәсілдері мен құралдары Мақсаты: білім алушылардың білім әрекетінің нәтижесін бағалау
өлшемінің тәсілдерін анықтау.
Жоспар: 1. Білім алушылардың білім әрекетінің нәтижесін бағалау өлшемінің
тәсілдері
2. Оқушылардың оқу материалын меңгеруін оқу жетістіктерімен ұштастыру
тәсілі
3. Б.Блум таксономиясы бойынша оқыту нәтижелерін бағалау стратегиялары
мен деңгейлері
Демонстрациялық материалдар түрі: презентация, мультимедиялық
кешен, плакат
Дәріс түрі: тезис дәріс
1.
«Критериалды
бағалау
технологиясы»
пәнінің
мазмұны
студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F)
бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға
бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол
мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін.
Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын
тапсырмалар мен әдістер келесі 1-кестеде келтірілген.