2.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша критериалды бағалау
және дағдылары
3.
«Білім», «Білік», «Дағды» ұғымдары
Демонстрациялық материалдар түрі:
презентация,
мультимедиялық
кешен.
Дәріс түрі:
кіріспе дәріс
Критериалды бағалау
бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.
Өйткені қазір білім алушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты
рөлде оқушының жеке
тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен
дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік
білімін көтеру сияқты
мақсаттар қойылғандығы. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен
міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Мұнда күтілетін нәтиже: болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат
алады,
салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді. Бағалау
парақшасын жасап,
сабақта қолдануға бейімделетіндігі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша критериалды бағалаудың
дағдылары. Білім
алушылардың білімін бағалау техникалық тәсіл ғана емес.
Оқушының оқуы
мен ынтасы
туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік ұғымдарына
қатысты құндылықтар жататындығы.
1. Қазақстандық қоғамның барлық саладағы көптеген өзгерістеріне
байланысты еліміздің білім беру жүйесіне де реформалар енуде.
Елімізде
болып жатқан әлеуметтік-әкономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық
салаларына елеулі өзгертулер енгізді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып,
алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз
үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындауымыз керектігін айтты.
Бұл өзгерістердің бәрі де жаңғырту мен дүниежүзілік
интеграциялық
үдеріске ұмтылумен түсіндіріледі. Жаңғырту үдерісінің негізгі түрлерінің
бірі білім беру саласы болып табылады. Өз азаматтарына сапалы және
заманауи білім алуға жағдай туғыза алған қоғам ғана сәтті дами алады және
әлемнің ең жетекші елдерінің қатарына қосыла алады.
Сонымен бірге, бағалауға байланысты жаңа ұстанымдар енуде. Бес
балдық жүйемен бағалау қазіргі заман талаптарына жауап бере алмауда.
Бағалау
- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл,
оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның
үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау,
көбінесе, баға
қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін
тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның
себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың
маңызды құрамды бөлігі
болып табылады. (Қазақ Әнциклопедиясы, 1 том).
Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері
қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен
тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны,
оқушыларға әсері,
ынталандыру әлементтері және басқа факторлар өзгерді.
Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының
нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл
бағалаудың
Достарыңызбен бөлісу: