Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау



бет1/22
Дата07.02.2022
өлшемі98,66 Kb.
#94754
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
000204c8-f7581711


.
Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып,оқыту сапасын арттыруы қажет. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті - кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес,оларды өмірде практикада пайдалана білу, үйрену. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін,оқушының зейін қойып тыңдауы,ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазып, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет.
А.Байтұсыновтың пікірі бойынша; «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек». -деген.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Оқушының өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы. Оқушылар өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.
Негізінде баланың өзіндік жұмысы ең тиімді болып есептеледі. Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Жоғарыда айтқандай ізденіс жұмысына, өзіндік жұмысқа бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Сол кезеңнен бастап баланы жетектеп, бағыт-бағдар беріп, оның дүниетанымына көңіл аударған қажет. Поляк ұстазы Янош Корчактың: «Педогог тот, который не комкает, а формирует, не диктует, а учит... переживает вместе с ребенком много вдохновляющих минут...».Сондықтан біздің жан-жақты қарым-қатынасымыз балаға өте үлкен әсер етеді. Жақсы, әдемі сөзіміз жүрегінде мәңгі қалады. Оның сабақ үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті өзіндік жұмысты берерде түрлі тәсілдерді пайдалануға болады. Бір тапсырманың өзін бірнеше жолмен орындату.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабағында түрлендіре іске асыруға болады.
Бастауышта «Зат есім» сөз табын өткен кезде мынадай өз бетімен жұмыс түрлерін ұсынуға болады.
а) әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып отыру керек.
1-топ Кім? -әнші,ақын,оқушы.
2-топ. Кімдер? -балалар,күйшілер, малшылар...
3-топ. Не?-ауыл,кітап,қоян...
4-топ. Нелер? -дәптерлер,құстар.жануарлар...
ә) «Суретті билет» ойыны арқылы мынадай тапсырмалар беруге болады. Әр топтың оқушыларына сурет беріледі,оған сұрақ қойып атын атайды.Топтағы оқушылар ақылдаса отырып,суретке шағын әңгіме жазады.
Сонымен қатар, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралап технологиясы» арқылы оқушылармен өз бетіндік жұмыс жүргізуге болады.
Деңгейлеп оқытудың мақсаты-әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.Бұл оқушыға ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып,білім сапасының артуына көмектеседі. Өзім осы технологиның кейбір элементтерін қолданамын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет