Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау


Ақпараттық технологияларды қолдану



бет22/22
Дата07.02.2022
өлшемі98,66 Kb.
#94754
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
000204c8-f7581711

Ақпараттық технологияларды қолдану.
Қазіргі қоғамда бала үшін кітаптың маңызы қандай болса, копьютер де бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану. Оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы кез келген тақырыпты түрлі көрнекіліктер арқылы көріп, біліп дәлелдей отырып түсіндіруге болады. Ал электрондық оқулық пен оқыту нәтижесінде оқушы тақырыпты жан-жақты, терең түсінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жекелеген (саралап оқыту) және топтасқан түрлері (топпен немесе ұжымдық) бар.
Саралап оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылды. Саралап оқыту технологиясындағы оқу үрдісінде келесі мақсаттарды көздеуге болады:
· оқушыға сенімділік білдіру
· пәнге қызығуын арттыру
· оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамыту
· өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу;
Саралап оқытуға байланысты келесідей тапсырмаларды қолдануға болады.
1 – тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап алу.
2 – тапсырма. Тест тапсырмасын орындату.
3 – тапсырма. Жаттығу мен тапсырмалар орындату.
4 – тапсырма. Компьютер арқылы сынақ, емтихан алу.
Саралап оқытудың маңызы келесідей.
1. Білім игерудің үш деңгейі қарастырылады: төменгі, бағдарламалы, күрделі.
2. Әр оқушыға білім алу үшін жағдай жасап, мүмкіндік береді.
3. Балалардың барлығына бірдей көңіл бөліп, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызметін дамытатын жаңа технологияны қолданудың бір жолы «топпен немесе ұжымдық жұмыс» болып табылады. Мысалы: Оқушыларды 4 топқа бөліп, түрлі тапсырмаларды орындатуға болады. Тапсырмаларды орындатудың бірнеше жолы бар.
· Түрлі сұрақтар арқылы тақырыпқа қызығуды ояту.
· Сөздік, энциклопедия, газет-материалдарымен жұмыс.
· Оқулық, қосымша кітаптармен жұмыс.
· Аудиотаспа, бейнетаспа және интерактивтік тақтамен жұмыс.
· Еліміздің тарихын, байлығын, табиғатын, салт-дәстүрін білу, оны қорғауға дайын екендіктерін білу.
Оқушының өздігінен білім алу жұмысы тек өзінің білімін толықтыру, өзін-өзі жетілдіру міндетімен шектелмейді, өздігінен жұмыс жасап жүрген оқушылар басқаларға білім беруіне, олардың білім алмасуына дағдыландырады. Өзіндік жұмыста басты мақсат – оқушыларды саналақ, белсенділік, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары, болашағы бар азамат дайындау. Оқушының өзіндік жұмысын өз дәрежесінде және уақытында жүргізу немесе ұйымдастыру – дара тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні мұғалімдерінің басты мақсаты – оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру, жан-жақты ақпарат беру, көп талаптарды бойларына дарыта отыру.
Біз кез келген сабағымызды ұйымдастырудан бастаймыз.
· Кезекшінің ақпараты І кезең
· Психологиялық дайындық
· Топқа бөліп алу
· Үй жұмысын тексеру, сұрақ-жауап
· Теориалық тексеріс, жеке жұмыс ІІ кезең
· Тәжірибелік тексеріс, оқушы өз жұмысын талдайды, қорғайды
· Жаңа сабақ, сызба, кәртішке, топтық жұмыс. ІІІ кезең
Топқа тапсырмалар беру.
І топ. Оқулықтағы, не газет материалдарын оқи отырып, тірек-сызбаға түсіреді. Сызба арқылы сұрақтар құрастырады, әңгімелеуге өте ыңғайлы, ол оқушының ауызша және сөйлеу мәдениетін көтеруге мүмкіндік береді.
ІІ топ. Оқулықтағы мәтін бойынша жоспар құрастырады, сұрақтар құрастырып, жазбаша жұмыстардың көп түрлерін орындайды. Сөз тіркестерімен жұмыс. Сөйлемдер талдау. Күрделі сөздерді талдау жұмыстары.
· Сабақты қорытындылау
· Сызбаны қорғау ІV кезең
· Мәтінді әңгімелеу
· Сабақ соңында оқушыларға екі жұмыс беріледі.
1 – жұмыс. Жеке жұмыс. Бірінші топтан оқушылар тақтаға шығып сызбаларын түсіндіріп қорғайды, түсіндіреді. ІІ топ мұқият тыңдайды.
Екінші топтан оқушылар шығып жазбаша жұмыстарын оқиды, талдайды, түсіндіреді. Осылай 2 топ өз жұмыстарымен сабақты қорытындылайды.
2 – жұмыс. Топ жұмысы. 2 топқа берілетін тапсырма. Жалпы мәтіндердің құрылымын талдау. Осы мәтінге мазмұны жақын мәтін құрастыру, не мәтін мазмұнын жалғастыру
· Үйге тапсырма
· Бағалау V кезең
Алға қойған мақсаттарға жету үшін көп жұмыс жасау керек. Өзіндік жұмыста электрондық оқулықтар, өткен материалдарды қайталау, білімді бақылайтын, мәтіндерді тексеретін жүйелер түрлерін қолданамыз.
Мектеп – білім жүйесінің ең негізгі, басты буыны. Оқушының болашағына жол ашады, әсіресе қазақ балалары үшін. Біздің қызметіміз оқушыға бағыт-бағдар беру, сол бағдар бойынша өз бетімен жұмыс жасауға дағдылана білуі керек.
Оқушылар үшін өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өз еңбегімен ізденіп қараған болса, ол оқушының жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкін болады.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Оқушының өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы. Оқушылар өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.
Негізінде баланың өзіндік жұмысы ең тиімді болып есептеледі. Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Жоғарыда айтқандай ізденіс жұмысына, өзіндік жұмысқа бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Сол кезеңнен бастап баланы жетектеп, бағыт-бағдар беріп, оның дүниетанымына көңіл аударған қажет. Поляк ұстазы Янош Корчактың: «Педогог тот, который не комкает, а формирует, не диктует, а учит... переживает вместе с ребенком много вдохновляющих минут...».Сондықтан біздің жан-жақты қарым-қатынасымыз балаға өте үлкен әсер етеді. Жақсы, әдемі сөзіміз жүрегінде мәңгі қалады. Оның сабақ үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті өзіндік жұмысты берерде түрлі тәсілдерді пайдалануға болады. Бір тапсырманың өзін бірнеше жолмен орындату.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.
Мысалы, «Қазақстан табиғаты» тақырыбы бойынша өз бетімен жүргізілетін жұмыс береміз.
1. Оқушы оқулықтағы мәтіннен басқа қосымша материал іздейді.
2. Табиғат көріністеріне сурет салады.
3. Табиғат сырын түсіндіруге байланысты әр түрлі баяндамалар, рефераттар жасау.
4. Табиғат туралы көркем әдебиеттер оқу.
5. Табиғат туралы мақал – мәтелдер тауып жаттау.
6. Өз беттерімен ғылыми оқулар мен конференциялар өткізу (төменгі сынып оқушыларына)
7. Мектеп кітапхансында «Табиғат байлығымыз» т.б. тақырыптарда көрме ұйымдастыру.
8. Мектепте қабырға газетін шығару.
9. Сыныптастарына, басқа да оқушыларға сынып сағатын өткізу (бейнетаспа материалдарын қолдана отырып)
10. Мектепте мерекелік іс шара ұйымдастыру. «Наурыз мерекесі», «Гүлдер мерекесі», «Алтын күз», «Қыс табиғаты» т.б. Осындай жұмыстардың барлығы көптеген мәселелермен тығыз байланысты, оқушыларда туған жері, табиғат байлықтарын қорғау керектігі жағдайында саналы ой туғызады, адамгершілік сенім мен сезім қалыптастырады. Расына келгенде оқушыларды бір-біріне хат жазу, туған күнге газет шығару, өз бетімен орталық кітапханада жұмыстар қызықтырады, ал қызығып орындаған жұмыс әр уақытта нәтиже береді. Оларға мектеп, жергілікті газеттерге мақала жазған қатты әсер етеді. Олар бізден не күтеді? Мақтау, жақсы баға күтеді. Оқушыларды кітаптағы жаттығулар мен мәтіндер қызықтырмайды. Оларға жаңа жұмыс түрін өзі ізденетіндей жағдай туғызсақ, ол шамасы келгенше өз бетімен орындауға тырысады. Ол өз шамасын, күшін, білімін тексереді. Орындай алмаймын деген ойдан арылады. Түрлі жұмыстар орындау барысында жаңа идея, ой туындайды, өздері іздеп тапқан материалдар есінде жақсы сақталады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, өзіндік жұмыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Жарияланды 23-07-2014, 11:49 Категориясы: Бастауыш сынып 
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті – кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.
Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттіліктерден туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдысын меңгеру ғана емес, оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге, істейтін материалын түсіну үшін, оқушылардың зейін қойып тыңдай білуі, ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін өздігінен кітап оқу, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өткен материалды саналы түрде қайталау, білім алу дағдыларын үйрену белсенділікті қажет етеді. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау жүргізу барысында қалыптасады. Оқу барысында оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: бірінші - сыртқы белсенділік, екінші - ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері. Олар мыналар: белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы.
Оқушының ішкі белсенділігіне - белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып табылады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне, жеке психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.
1. Қимыл және сөйлеу.
2. Ойын және оқу.
3. Өзін - өзі тәрбиелеу.
Осыдан шығатын қорытынды: оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол – оқушының күрделі әрекетінің бір түрі немесе оқу жұмысының арнайы бір формасы болып табылады. Қазақ тілі сабағында қыс тақырыбына сурет бойынша «Эссе» жазып келу тапсырылған болатын.

Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары
Жарияланды 17-03-2014, 22:27 Категориясы: Физика 
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет - журналдармен, интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары


Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып, құрастырылуына байланысты болады.
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет - журналдармен, интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Өздік жұмыстар ұйымдастырылуда мынадай талаптар орындалуы қажет:


1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3. Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыстарды жеке оқушымен, топтарға бөлу арқылы, барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады.


Өздік жұмыстардың түрлері: оқулықпен жұмыс, әр түрлі жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тәжірибелер, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, рефераттар, баяндамалар, ғылыми жоба т. б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет