Құлмағамбетова Бимария Жакешовна
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің маңызы
А. Байтұрсынов.
«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек».
К. Ушинский
«Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды».
Қазақ тілі сабағында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып қоймай, түрлі қосымша тапсырмаларды алып, интернеттен, ақпарат көздерінен материал жинайды, сабақта реферат етіп жазған сол жаңалықтарын оқып, қысқаша ауызша айтып қорғайды. Ол үшін оның өткен жылдары алған білімдері, дағды, шеберліктері негіз бола алады. Сондықтан өздік жұмыс істеуге, өз бетімен жұмыс істеуге ерте кезден үйреткен жөн.
Ол үшін мұғалім мынадай мақсатты алға қою керек:
1. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
2. Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.
3. Біліміне сай келетін бағдарды, мамандықты өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.
Әрине мұғалім барлық талаптарды ескере отырып, сабақ беру барысында оқушылардың танымдық қабілеттілігін, ойлау қасиеттерін дамытуға жағдай жасай білу керек. Қазіргі кезде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлініп отыр.
Негізінен өзіндік жұмыстардың ерекшелігі: оқушының міндетті түрде өз күшімен азды-көпті жаңа нәтижеге жетуінде. Бірақ барлық жұмыс бір-бірін толықтырып отырады. Оқушының өз бетімен орындауына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей түсінікті, мазмұны қызығарлықтай әр түрлі болғаны жөн. Күрделілігі, оған кететін уақыты ескеріле отыруы керек. Әрбір жұмысты мұғалім тексеріп отыруы керек, әйтпесе оқушылар білім мен іскерлікке деген жауапсыздыққа, ұқыпсыздыққа үйренеді.
Өзіндік жұмыстар, негізінен оқушыларға берілетін сабақты түсіндіру, қайталау кезеңдерінен гөрі жаңа сабақты пысықтау барысында және қорытып қайталау сабақтарында атқарылғаны дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолдарын атауға болады:
· негізгі білімді игеруде
· өткен материалды бекітуде
· техникалық құралдармен жұмыстарды ұйымдастыруда
· ақпараттық технологияны қолдану барысында
· интерактивтік тақтамен жұмыс жасатуда
· картамен жұмыс жасатуда;
Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін алып білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап деген сияқты, есте сақтау қабілетін де жақсартады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, презентация, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Мысалы, реферат жазу оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеп қоймай, сонымен қатар ғылыми кітаптармен , арнаулы құжаттармен, ғалым зерттеушілердің еңбектерімен танысуға, оқуға деген , ізденіске деген қажеттілік құштарлығын туғызады. Оқушыны жұрт алдында сөйлеуге дағдыландырады. Реферат жазу жұмысы , ең алдымен ,таңдаған тақырыпқа байланысты кітаптарды оқып қараудан басталады. Өзіндік жұмыстың бір түріне конспект те жатады. Қазақ әдебиетінде жекелеген пікірлер мен үзінділердің айырмашылығын, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын конспектілеу . Кейбір мәтіннің мазмұнын , тарауларын қысқаша өз беттерімен конспектілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |