Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау
000204c8-f7581711
Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу. Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау, шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет. Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ідненушілікті, шығармашылықты талап етеді. жүктеу/скачать 98,66 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |