Қазақ тілінен сабақ жоспары
3 -сынып
І тоқсан – 37 сағат
Модульдің тақырыбы: Өткенді қайталау (3 сағат)
Модульдің мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен жылдан алған білімін есіне түсіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,аударма, жаттығу әдістері.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптағы суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
1. Фонетикалық сәті. Ә-әже, Ғ-ғалым, Қ-қалам, ң- теңге, Ө-өзен, Ұ-ұя, Ү-үй, һ-жиһаз, І-іні.
2.Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1)Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
2)Бүгін неше сабақ болады?
3) Бірінші сабақ қандай?
4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)
ІІ. Жаңа материал.
а) Сөздік жұмысы.
қабат –этаж қазақ тілі –казахский язык
орыс тілі –русский язык әдемі –красивый
жарық –светлый оқиды –учатся
дәптерге –в тетради сурет салады -рисуют
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мынау –мектеп. Ол үш қабатты. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика кабинеттері бар. Олар әдемі, жарық. Балалар кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады.
-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. (қара жазылған сөздер орнына сұрақтар қойыңдар. Мысалы: Мынау не?)
-Жұппен ауызша айтқызу.
ІІІ. Сергіту сәті. Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
«А» -деді, «Б» -деді,
«Р»-ға тілі келмеді.
2-тапсырма. Аударма жұмыс. Два этажа, красивая школа, светлый класс, первый звонок, третий класс, большая книга, весёлые дети, хорошо учатся.
3-тапсырма. Мәнерлеп оқу. Дәптер.
Дәптер сенің сырласың, Дәптер досың болады. Әріптердің тұлғасы, Дәптеріңе қонады. (Н. Жанаев)
4-тапсырма. Керекті сөздерді жаз. Әсем ... шықты. Гүлжан ... су құйды. Мен ... оқыдым. Бірінші ...аяқталды. Оқушы ... жазды. Болат ... орындады. Керекті сөздер: үй тапсырмасын, тақтаға, кітап, гүлге, сабақ, дәптерге.
IV. Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту, сөздерді жаттау, 5 сөйлем құру.
Достарыңызбен бөлісу: |