Бірінші кезең
I тоқсан
Қыркүйек, қазан
Мақсат қою. Іс-әрекет жоспарын әзірлеу.
9 сынып оқулықта немесе оқушы дәптерінде берілген сұрақтарға жауап беру. (сұрақтарға жауап үй жұмысына беріледі, орындалу нәтижелері өзін-өзі тану сабағында талқылау, талқыланатын тақырыпты таңдау)
Жоба тақырыбын таңдар алдында, әлеуметтік педагог және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарларына жоба жұмысын енгізе отырып, олармен бірлесе ақылдаса отырып, оқушылармен және сынып жетекшімен бірге тақырыпты таңдау. Жоба күнделігі жұмысын бастау.
Таңдалған жобаның тақырыбы: «Қарттарын қадірлеген ер ардақты».
Мақсаты:
Қарт адамдарға үздіксіз көмек көрсету,
үлкендерді құрметтеу, ата әжелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, ақ тілек, ақ батасын алу және оқушылардың қамқорлық пен жанашырлық сезімдерін ояту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1) Оқушыларға үздіксіз қоғамға қызмет ету арқылы қамқорлық жасау туралы түсінік қалыптастыру.
2) Көмекке мұқтаж қарт адамдармен танысу арқылы оларға көмек көрсету барысында, оқушылардың жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3) Оқушылардың көмекке мұқтаж адамдарға деген қамқорлық көрсетуге, жасы үлкен, қарт адамдарға деген құрметпен қарым-қатынас жасауға, сыйлауға, оларды бағалай білуге және мейрімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жобасын өткізудің даярлық жоспары:
Көмекке мұқтаж болған адамдарға көрсетілетін көмегіміздің бір рет қана емес, үздіксіз болуға ниетімізді білдіру.
Оқудын тыс іс-шараны өткізбес бұрын, оқушыларға алдын ала біздің не істейтінімізді, не үшін, неліктен және кімге көмек көрсететінімізді, ол адам туралы толық мәлімет беру үшін «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты сынып сағатын өткізу.
Оқушылардың бойына жағымды әсер қалдыру мақсатымен сынып сағаты кезінде қамқорлық туралы, жанашырлық, мейірімділік, сүйіспеншілік туралы өмірден алынған мысалдар келтіру, аңыз-әңгімелерді айту.
«Мерекелі дастархан» атты дәм тату оқудан тыс іс-шарамызды жоспарымызға енгізіп, оқушыларға үйдегі әжесімен бірлесе отырып жасаған тағамдарының көрмесін ұйымдастыру (үйлеріндегі қолдан жасалған тәтті тағамдар әкелу).
|
Екінші кезең
II тоқсан
Қараша, желтоқсан Ойластырылған жоспарды тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, сынып жетекшімен ата-аналармен бірге іске асыру. Күнделік жүргізу жұмысын жалғасыру.
Жобаны өткізудің жоспарын іс жүзінде асыру.
1. Мектеп директордың рұқсатымен және қаулымен жіберген оқушылармен бірге Павлодар қаласының №4 емханасының «Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» бөлімшесінде тіркеуде тұрған көмекке мұқтаж және науқас қарт адамның үйіне бару.
2. Қарт адамның үйін толықтай жинастырып беру арқылы көмегімізді көрсету.
3. Қарт адаммен рухани-адамгершілік жылы қарым-қатынас құру мақсатында оқушылармен бірге дайындаған сұрақтарымызды қойып, әңгімелесу.
4. «Мерекелі дастархан» атты дәм тату. (ата-аналардың көмегімен үйлеріндегі қолдан жасалған тәтті тағамдар әкелу, оқушылармен бірге дастархан жайып, дастархан басында қарт адаммен көңілімізді көтеру).
|
Үшінші кезең
III тоқсан
Қаңтар, ақпан, наурыз
Идеялар ұсыну, ұсыныстар айту.
Ойластырылған жоспарды тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшімен ата-аналармен бірге іске асыру.
Алынған нәтижені көрсету формасы – толтырылған Жоба күнделігі және арнайы рәсімделген нәтиже (бейнефильм, презентация, қабырға газеті, кітап және т.б.)
Әрекеттерін жоспарлау. Міндеттерді тұжырымдау.
|
Төртінші кезең
IV тоқсан
Сәуір, мамыр
Соңғы сабақтардағы жобаның тұсау кесерінде бағалауға ұжымдық талқылау әдісімен қатысу, өзін-өзі бағалауға қатысу.
Ақпаратты талдау, нәтижелерді рәсімдеу, ір кезең бойынша шешім шығару.
Оқушылардың ынталарын, шығармашылығын, зерттеу және практикалық жұмысқа қатысуын бағалау, жазға тапсырма беру.
|