Ж.А.ҚAРАЕВТЫҢ ДЕНГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНДЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Кожамбердина Б.Х., Сабанбаев Н.И. Қарағанды қаласы Қазіргі таңда педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологяларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-дақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияны пайдалануы керек екенін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни балаларға білімді жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек. Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы.
Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Өзіндік жұмыс-оқушылар білімін жетілдірудің қайнар көзі, олардың рухани бай жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бір шарты.
1998-1999 оқу жылынан бастап Профессор Ж.А.Қараевтың денгейлеп оқыту технологиясын , мектептің барлық сатысына, барлық пәндеріне еніп, оқу барысын жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясын жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Осы технология бойынша бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне оның назарын аударады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне
-оқытуды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-қушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер меноларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Себебі, бүгінгі тандаңғы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі мектептерде қазақ тілі мен математика пәндерінде деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде құрылған сабақта оқушы өз бетімен ойлана жұмыс істейді, ал мұғалім ізденіс-таным процесін ұйымдастырушы рөлін атқарады.
Оқушыларды денгейге бөліп оқытуға болама, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушылардың шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың маңызы бар.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануғаберіледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашыллыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлік тапсырмалар:
Бірінші деңгей білімнің минималдық шегі. Мемлекеттік талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Сынып бағдарламасына сәйкес лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орныдайды.Мәтінмен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмаларды түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы, жазба жұмыстарын орныдау көрсеткіштекрі міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесіннің жоғары болуымен , өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдаланумен сиппатталавды. Оқушы талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену(эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді. Нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетіәнше орындайды.
Бұл технолдогиядан біріншіден, дамыта оқыту идеясынг жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.
Денгейлеп оқытудың тиімді жақтары:
-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
-оқушының жеке қабілеті айқындалады;
-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясы сынып ішіндегі дарынды оқушыларды анықтауға көмектеседі.Оқушының өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды орындауына қарай сынып білімінің қаншалықты төмен немесе жоғары екендігін білуге болады.деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, білім мен ғылымға деген құштарлығы артады. Яғни, деңгейлеп оқытьу технологиясы нәтижесінде оқушылар оқу жұмысындағы жеткен жетістіктерімен жіберген кемшіліктері туралы біліп, өз еңбектеріне талдау жасайды.
Денгейлеп оқыту технологиясының тәрбиелік мәні зор. Деңгейлік тапсырмалар орныдау барысында оқушылардың ақыл - ой, еңбек, адамгершілік, ұйымшылдық, эстетикалық тәрбиесі қалыптасып отырады. Мұндағы тапсырмалардың құрылысымен қатар оның мағынасы да әр оқушыға әсер етеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз. Білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың сабақта қолдануы өмір талабы.
Деңгейлеп оқыту технологиясындағы тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады. Тапсырмалар мазмұны күрделінген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі. Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және тиісті бағалармен бағаланады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Нұртазаева Н. Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың дара қасиетін дамытудағы педагогикалық ерекшеліктері//Бастауыш мектеп-№4, 2010ж. Б.6-7.
2. Дандыбаева А.С. Оқу процесінде денгейлік тапсырмалардың пайдалану ерекшелігі «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер». Республикалық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференция материалдары.- қарағанды «Болашақ- Баспа», 2012.-435б.-Том 3. 227-230 б.
"Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларының қолдану тиімділігі"