«Білім», «Білік», «Дағды»
деген ұғымдарды мағынасын анықтап
алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі
анықтамаларын былай береді:
Білім
шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам
санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі.
Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың
тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам
табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді,
түсінеді, ұғады.
Білім
- оқыту мазмұнының негізгі әлементі. Ол заттар мен
құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың
нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар,
теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат
жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде
бейнеленеді.
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне
байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-
әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде
қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық
әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.
Білік
іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің
психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен
практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше
қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін
саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді.
Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру -
білік.
Дағды
- оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес
меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде
қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын
қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі
жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде
пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды
еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін,
дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік,
дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін
дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға
шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен
шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп
отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік,
дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc
жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Қазіргі қоғамның
өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, әкономикалық өзгермелі жағдайларда
өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға,
жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік,
жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге
асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу
қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір
жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол
арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары
мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл
жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады.
Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей
алатындығын анықтау қажет.
|