бірқатар кемшіліктері бар:
-
педагогтарға, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім
беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;
-
педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер
негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап
бағалайды;
-
оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері
бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете
алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға
мүмкіндіктің болмауы;
-
қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол
оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
-
оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс
болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.
Аталған мәселені шешу үшін мектептерде оқытудың мақсатына,
міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың жаңа жүйесін жасау және енгізу қажеттілігі туындады.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің
маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-
әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің
талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар
өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді
қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім
оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды.
Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен
қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер
бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу
керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де
бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді
қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден,
мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау,
топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Достарыңызбен бөлісу: |